Сабақтың тақырыбы:С. Елубай «Жалған дүние» романы Негізгі материал: Біз өле-өлгенше қазақ тілі үшін күресеміз. Мәңгілік Ел болудың кепілі ұрпағымыздың ана тілін білуінде жатыр. Ана тілін ұмытқан халықтың өз-өзінен жер бетінен өшіп, жоғалып жатқанын көз көріп отыр. Бүгінгі ұлттың ұраны – Мәңгілік Ел болу. Смағұл Елубай Смағұл Елубай қай жерде туып-өскен? Смағұл Абатұлы Елубай 1947 жылы Түрікменстан Республикасының Шаржоу облысы Керкі ауданында дүниеге келген. Жазушының ата-бабасы ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық кезінде Ақтөбе облысы Байғанин ауданынан Қарақалпақстан аумағы арқылы өтіп, Түрікменстанға қоныс аударған. 1961 жылы оның әке-шешесі Қазақстанға оралды.
Жазушы қай жерде білім алып, қызмет істеді? С.Елубай Алматы қаласындағы №12 мектепте оқиды. 1971 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіреді. Еңбек жолын 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысының аудандық газетінде тілші болып бастаған. 1972 жылы кино жүйесіне ауысады. 1974–1975 жылдары Мәскеудегі сценаристер мен режиссерлер дайындайтын Жоғарғы курста дәріс алғаннан кейін 1976–1992 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактордың орынбасары, 1992–1995 жылдары республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының бас редакторы, 1995–2004 жылдары Прагадағы «Азаттық» радиосының журналисі, 2008–2010 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметтерін атқарады. 2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино тарихы және теориясы» кафедрасында профессор.
Зерделі ой Талантқа ең керегі екі нәрсе: еңбек және батылдық. Смағұл Елубаевта осының екеуі де түгел, тұтас. Өзге шығармаларын өз алдына қойғанда, Смағұл аз жыл ішінде үш роман жазды. Бұлар – күн демей, түн демей, ұзақ сарылған еңбектің жемістері. Ал батылдыққа келсек, үш роман да («Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние») қаламгердің қайсар батылдығынан, керек десеңіз, тіпті батырлығынан туған. Зейнолла Қабдолов