Сабақтың тақырыбы: С. Елубай «Жалған дүние»


Қа­лам­гер қан­дай ту­ын­ды­лар­жаз­ды?



бет2/5
Дата07.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#55485
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қа­лам­гер қан­дай ту­ын­ды­лар­жаз­ды?
Жазушының кітаптары: «Ойсылқара» (1972 ж.), «Саттар соқпағы» (1974 ж.), «На свете белом» (1982 ж.), «Жарық дүние» (1978 ж.), сондай-ақ «Ақ боз үй» (1990 ж.), «Одинокая юрта», «Мінәжат» (1992 ж.), «Жалған дүние» (2000 ж.), «Бренный мир» (2000 ж.) романдары, «Қиямет-қайым ғасыры» (2015 ж.) ойтолғауы, «Век страшного суда», «Ақ боз үй» (2017 ж.) 2 томдық таңдамалы, «Lonely yurt» (2016 ж.) ағылшын тілінде, «Una yurta solitaria» (2018 ж.) испан тілінде, «Arasat meidany» (2017 ж.) түрік тілінде жарық көрді. «Ақ боз үй» («Одинокая юрта») романы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет басылды. Жазушының осы романына ашаршылық жылдардағы нәубеттің көріністері арқау болған. С.Елубай кітапты жазар алдында ата-бабасының жүрген жерлерін аралап, сол заманның куәгерлерімен жүздеседі. Шығарма оқырманды сол уақытқа алып барып, тарихтың еншісінде қалған нақты шындықтарды көркем тілмен баяндап, кейіпкерлердің мұңдасына, сырласына айналдырады. Әрбір оқырман кітапты жүрегі тіліне оқи отырып, оқиғаны өзі бастан кешіргендей әсер алатыны сөзсіз. Бұл роман 1985 жылы жазылып біткенімен, сол кездегі баспалардың қай-қайсысы да идеологиядан жасқанып, басып шығаруға келіспеген. Тіпті кітаптың шығуына қарсы жабық рецензиялар ұйымдастырылады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін ғана кітаптың жарыққа шығуына мүмкіндік болады. «Мінәжат» және «Жалған дүние» шығармалары – «Ақ боз үй» романының жалғасы. Жалпы жазушының әр туындысы қазақ халқының тарихымен байланысты.
Сма­ғұл Елу­бай не­ше көр­кем фильм­нің сце­на­рийін жаз­ған?
С.Елубай: «Қызыл отау» (1982 ж.), «Ай астындағы үй» (1983 ж.), «Өтелмеген парыз» (1983 ж.), «Сұрапыл Сұржекей» (1992 ж.), «Батыр Баян» (1992 ж.), «Кек» (2004 ж.), «Аңшы бала» (2012 ж.), «Алмас қылыш» (2016 ж.), «Қазақ хандығы» телесериалы (2016 ж.), «Оазис» (2016 ж.), «Бала ғашық» (2018 ж.), «Алтын тақ» (2019 ж.) көркем фильмдерінің сценарийлерін жазған. Жазушы «Сұрапыл Сұржекей» фильмі үшін Ашхабадта өткен ТМД кинофестивалінің бас жүлдесін, «Аңшы бала» фильмі үшін Голливудта өткен IFFF кинофестивалінің бас жүлдесін, мәдениет саласындағы Мемлекеттік грантты, қазақ «Пен-клубы» сыйлығын алды. 2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Зерделі ой
Сма­ғұл Елу­ба­й – қа­зақ про­за­сы­ның кә­сі­би дең­гей­інің өсуі­не үл­кен үлес қос­қан жа­зу­шы. Жа­зу­шы қа­ла­мы­нан ту­ған көр­кем ту­ын­ды­лар идея­лық-көр­кем­дік, ру­хани тұр­ғы­дан да, та­ным та­ра­пы­нан да ма­ңыз­ды шы­ғар­ма­лар бо­лып та­бы­ла­ды. Сан алу­ан та­қы­рып­ты ар­қау ет­кен шы­ғар­ма­ла­ры­ның тіл кес­те­сі де көр­кем де бей­не­лі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет