Сабақтың тақырыбы: С. Елубай «Жалған дүние»


Гүл­сім Еле­ме­со­ва, Бо­та­гөз Құ­рал­қа­но­ва



бет3/5
Дата07.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#55485
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
f6089c10f4cf190

Гүл­сім Еле­ме­со­ва, Бо­та­гөз Құ­рал­қа­но­ва


1-тапсырма. «Пікірлесейік»
1. С.Елубай қай жерде дүниеге келген?
2. Жазушы туындыларының тақырыбы қандай?
3. Қаламгер кітаптарын жазғанда елдегі жағдай қандай еді?
4. Қандай шығармалары өзге тілге аударылған?


2-тапсырма. «Себебін анықта»

1. Жазушының ата-бабасы не себепті басқа елге қоныс аударады?


2. «Ақ боз үй» романы неліктен бірден басылып шықпады?


3-тапсырма. «Талдап көр»

С.Елубайдың шығармашылығын талдап, «FILA» кестесін толтырыңдар.


F / Дерек/ – тақырыптан қаламгердің шебер жазушы екенін көрсететін деректер;
I / Пікір/ – шығармалары туралы өздеріңнің ой-пікірлерің;
L / Сұрақ/ – автордың шебер жазушы екенін ашатын сұрақтар;
A / Іс-әрекет/ – жазушының қолданған стилі.

4-тапсырма. «Дәптеріңе жаз»
С.Елубай туралы білгеніңді «Түртіп алу» кестесіне толтыр.

V – «бі­ле­мін»

«мен үшін тү­сі­нік­сіз»

+ «мен үшін жа­ңа ақ­па­рат»

! – «ме­ні таң­ғал­ды­р­ды»
















«Жал­ған дү­ние» ро­ма­ны
Арман-ай, өтеді дүние жалған-ай…
Халық әні

1917–1990 жылдар аралығы тарихта Кеңес өкіметінің кезеңі ретінде қалды. Бұл кезеңде коммунистік партия деп аталған бір ғана партия болды. Осы партия бүкіл жауапкершілікті, билікті өз қолына алып, халықты уысынан шығармай ұстады. Кеңес өкіметіне, партияның ұстанған саяси бағытына қарсы келген бірде-бір шығарма жарыққа шықпайтын, ал қарсы тұрған адам аяусыз жазаланып, құлдық сананың құрбанына айналып отырған. Сондықтан ешкім бел шешіп, бұл жүйеге қарсы тұра алмайтын. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кезең тоталитарлық дәуір деп атала бастады. Жазушы Смағұл Елубай осы дәуірдің шындығын баяндайтын трилогия –«Ақ боз үй», «Мінәжат», «Жалған дүние» деп аталатын романдарын жазды. Трилогия қазақ қоғамының жиырмасыншы жылдардағы аумалы-төкпелі дәуір шындығын: жаппай ашаршылық, елге төнген нәубет, асыра сілтеуден бастап, халықтың қалыптасқан салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын жойып жіберуді көздеген саясатты әшкерлеуді мақсат еткен. Бұл саяси стратегияның аяғы «тоқырау заманына» алып келді. «Жалған дүние» романы осы соңғы кезеңге арналған. Роман символизм рухында жазылған, мистикалық сарыны бар, философиялық астары терең. Автор Едіге аузымен «кер заман», «тозақ тірлік», «ұстасқан заман», «тістескен заман» сияқты эпитеттерді қолданады. Қоғам тоқырағаннан соң адам да тығырыққа тіреліп, не үшін өмір сүріп жүргенін де түсінбей, депрессияға түседі. Роман кейіпкерлері Хансұлу мен Едіге осындай күйге тап болады. Үй, баспана – халықтың ең басты керек нәрсесі. Егер жұрт баспанасын тастап қашса, онда «ақтабан шұбырынды» қасіреті қайталанды деген сөз. Ел басына күн туғанда ғана бассауғалап, қара шаңырағын тәрк етіп безеді. Роман кейіпкерлері де осыны бастан кешірді: «…1932 жылдың жазғытұры әлі көз алдында. Қарақалпақтың түстік тұсы. Әнеки, құм арасында томпиып-томпиып, жетімсіреп қалып бара жатқан киіз үйлер. Бұ күнді Хансұлу өлсе ұмытпас. Бір тілім нан үшін, өз үйі – өлең төсегін құм арасында тастап, сонау Әму-Дария жағасындағы Қоңырат деген қалаға қарай шұбырғанын, сірә, екі дүниеде







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет