Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп: C. Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицеи
|
|
Күні: 05.04.2023
|
Мұғалімнің аты-жөні: Толеева Гүлмарал Толағайқызы
|
|
Сынып: 6а
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
С.Мұратбеков «Жусан иісі»,
|
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
|
Оқу бағдарламасына сілтеме
|
6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;
6.2.2.1 - эпикалық,поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау;
.
|
|
Сабақтың оқу мақсаты:
|
1.С.Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады.
2.Әңгіме неліктен "Жусан иісі" аталғанын түсінеді.
3.Кейіпкерлер сөзі арқылы шығармашылыққа үйренеді.
|
|
Бағалау критерийлері:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Әңгіме неліктен "Жусан иісі" аталғанын түсіну.
.Кейіпкерлер сөзі арқылы шығармашылыққа үйренеді.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Шығарма бойынша берілген күрделі сұрақты талқылай алады және пікір айта алады.
|
|
Дағдылар:
|
Түсіну және жауап беру
|
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар отбасы мүшелерінің атауларын және ана туралы көркемдегіш сөздерді меңгереді. Шығармадағы мұң, қасірет, жетім сөздерінің мағынасын түсінеді.
|
|
Сабақта қамтылатын құндылықтар:
|
Оқушылардың отбасына деген құрметін қалыптастырады, өзіне деген жауапкершілікті арттырады.
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері, театр, т.б. өнер түрлерімен байланыс жүзеге асырылады.
|
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта мен ғаламторды пайдалана білу
|
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
М.Қабанбайдың «Бауыр» әңгімесі бойынша «Қалидың мінез-құлқындағы өзгерістердің себебі неде?» деген тақырыпта әдеби эссе жазады.
М.Қабанбай «Бауыр»
http://kitap.kz/index.php/catalog/audiobook/2302-bauyr_audiobook_marat_k
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дереккөздер
|
|
Сабақтың басы
4 минут
3 минут
5 минут
|
Қызығушылығын арттыру.
Тыңдалым алды тапсырма
Үй тапсырмасын сұрақ қою техникасы арқылы пысықтау.
Өткен сабақ соңындағы оқушылардың қорапта қалдырған
сұрақтары бойынша авторға қойылады
|
https://www.youtube.com/watch?v=ner17FXijdA
|
|
Сабақтың ортасы
2 минут
3 минут
5 минут
3 минут
7 минут
5 минут
|
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.
Интербелсенді тақта арқылы "Жетімдер" фильмінен үзінді көрсету арқылы сұрақ қою техникасын пайдалану.
- Бұл бейнефильм арқылы нені байқадыңыздар?
- Балалар қандай оқиғаға тап болды?
- Осы оқиғадан кейін балалар қандай күйге түсті?
- Фильмді көре отырып, қандай ой түйдіңіздер?
- Бұл фильмде балалар бойындағы қандай қасиет бейнеленген?
Оқылым алды тапсырма
Оқушыларға жазушы жайлы қысқаша мәлімет беріледі.
Топтар бөлімге бөліп оқу арқылы әңгіменің ішкі мазмұнымен танысу. Оқушылар жеке оқиды, жұппен ой бөліседі, топпен талқылап, постерге түсіру.
I - топ. Алыста қалған балалық шағым...
II - топ. Біздің ауыл Ешкіөлмес деген...
III- топ. Бір күні күн бұлттанып...
IV- топ. Кей күні ойыннан кейін...
Бағалау. Ішкі, сыртқы бақылаушылардың "бағалау парақтары" бойынша бағалау.
Білу және түсіну
Суретте, бейнеле.
Аян бейнесін топтастырамыз
Оқушылар әңгіменің кіріспесін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді.
Сөздік жұмысы:
Мұң –
Қасірет –
Жетім –
Талдау және жинақтау
Әңгімеге қатысты тақырыптар бере отырып, шығармашылық жұмыс жүргізу.
I - топ. Әңгіменің бас кейіпкері Аянға мінездеме беру.
II - топ. Оқушылар ұнаған кейіпкерлеріне хат жаздыру.
III- топ. Эссе жазу. "Жақсы бала қорған" тақырыбына.
IV- топ. Ертегі жазу. "Баяғыда бір жетім бала болыпты..."
. Жұмыр қылыш" күйіне дене жаттығуын жасау.
Шешен сөз
Әр топтан бір-бір оқушы шығып тақырып суырады. Тақырыпқа байланысты өз ой-пікірін ортаға салады.
1.Аян мен әңгімені баяндап отырған бала арасындағы шын достық туралы ой өрбіт.
2.Аян тағдыры сені ойландыра ма?
3.Осы шығарманы жазғандағы автордың ойы қандай?
. Жеке жұмыс ретінде әр оқушыға дайын парақшалар түрінде беру.
|