Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
4.1.4.4 жасанды ортада өзінің қауіпсіздігін жоспарлау.
4.2.3.1 Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
4.1.4.4 Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау
4.2.1.1 Нысанның басқа нысандарға қатысты орнын анықтау
|
Басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
«Барлық оқушылармен жұмыс»
Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.
Электронды қосымшадан алғашқы 3 слайдты қарау. Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымызда қандай тақырыпты қозғайтын боламыз?
|
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
|
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
|
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
|
Ортасы
|
Адамның қолымен жасалған жасанды орта дегеніміз тек баспана ғана емес. Оның құрамдас бөліктері ретінде елді мекендерді, тұрғын үйлерді, жолдарды, көлік құралдарын, техникалар мен басқа да көптеген дүниелерді айтуға болады. Осылардың бәрін адам өзінің өмірін жақсарту үшін жасады.Алайда бұл ортада саналуан қауіп-қатерлер де кездеседі. Солардан өзіңді қалай сақтандыруың керек?
Көшеге шыққанда біз не жаяу жүргінші, не велосипед тебуші, не көліктегі жолаушы боламыз. Міне солардың бәрінде қауіпсіздік ережесін есіңнен шығармауың қажет. Сенің үйіңнің айналасында да қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан оны да ескере жүр:
– құрылыс алаңында немесе трансформатор күркесінің жанында ойнамау;
– саябаққа немесе орманды жерге жалғыз бармау.
-Қауіпсіздікті сақтаудың басты ережелерін есіңде сақта:
– қауіпті алдын ала сезу;
– мүмкіндігінше одан алшақ болу;
– қажет болған жағдайда ғана әрекет ету.
Дескрипторы:
• зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;
• климаттың адамзат дамуына әсерін талдайды;
• нысандардың кеңістікте бір-біріне қатысты орнын анықтайды;
• өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.
|