Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты



бет38/43
Дата13.06.2023
өлшемі140,3 Kb.
#101084
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Сабақ жоспары астана колледж

I.Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Сәлемдесу




Сабаққа даярлықты тексеру




Білімгерлердің зейінін сабаққа аудару




II.Өткен сабақты қайталау(білімді тексерудің әдістері мен түрлері)

20 минут

Әлеуметтану бойынша глоссарий ауызша айту және жазбаша жазу.




III.Жаңа сабақты баяндау (сабақ жүргізу түрі)

  1. инут

Жаңа сабақ жоспары:
1. Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Әлеуметтік ақпарат және оның түрлері
2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, болжамды қалыптастыру
Лекция мәтіні:
1. Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Әлеуметтік ақпарат және
оның түрлері. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан – жақты зерттеу үшін методология мен әдіс ( метод ), әдістеме ( методика ) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің « метедос », яғни таным тәсілі « логос », яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принцптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтіке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен тандауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер ретінде қарастырады. Әлеуметтанушы эмпириктердің методология жөніңдегі түсіндірмесі олардың әлеуметтану зерттеулерінде теорияның орны мен рөлін белгілі бір деңгейде жете бағаламауынан немесе олардың қолдануға жарамайтын теориялық тұжырымдамалардан бас тартуға тырысуынан туындағаның көрсетеді. Теоретиктердің методология туралы түсінігі теориялық зерттеулерді эмперикалық ізденістермен тығыз байланыс орнатуға бағыттайды.Бірақ осы байланыс жөнінде тіс жарып ештеңе айтпайды. Соңдай – ақ методология туралы әлеуметтану зерттеулерін теориялық және тәжірбиелік деңгейлерде ұйымдастыру мен жүзеге асырудың алғашарттары мен принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпирикалық ( « эмпирия » - грек сөзі,
« тәжірбие » деген мағына береді. Бұдан әрі тәжірбиелік деп жазылады ) типтері бар. Тәжірбиелік зерттеу іргелі ( фундаменталды ) және қолданбалы ( прикладной ) болып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.
Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зертеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады.
Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпирикалық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.
Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, обьект жатады, ол әлеуметтік шындықты ( ақиқатты ) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субьект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қортындылары жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет