Сабақтың тақырыбы: Сабақтың мақсаты



бет40/43
Дата13.06.2023
өлшемі140,3 Kb.
#101084
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Сабақ жоспары астана колледж

Берілетін уақыт (мин)

I.Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Сәлемдесу




Сабаққа даярлықты тексеру




Білімгерлердің зейінін сабаққа аудару




II.Өткен сабақты қайталау(білімді тексерудің әдістері мен түрлері)

20 минут

тақырып бойынша конспекті тексерту және ауызша баяндау




III.Жаңа сабақты баяндау (сабақ жүргізу түрі)

  1. инут

Лекция мәтіні:
Ақпарат жинаудың негізгі әдістері, олардың түрлері. Ақпарат жинаудың маңызды көзі және әдістемесі - бақылау. Бақылау микроәлеуметтік зерттеулер жүргізгенде шағын топтарды ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалын, басшылық етудің) тәсілдерін зерттегенде, қақтығыс, шиеленіс жағдайын саралауда жақсы нәтиже беретін тиімді әдіс болып есептелінеді.
Әлеуметтану ғылымыңда түйсіну арқылы ақпаратгы жинау және объект жөнінде барлық фактілерді тіркеу әдісін бақылау деп атайды. Ол қарапайым бақылаудан мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді' 1) нақты зерттеу мақсатына бағыңдырылады; 2) белгілі бір әдістеме арқылы жүргізіледі; 3) бақылаудың мәліметтері белгілі бір әдістемеме хаттамаларға, күнделіктерге көшіріледі; 4) бакылау жолымен алынған ақпараттың сенімділігі және негізділігі тексерістен өтеді.
Бақылаудың сенімділігі субъекті мен объектінің аракатынасындағы жағдайдың біркелкілігі, процедураның құрылысы, акпараттың респезентативтілігі арқылы қамтамасыз етіледі. Солай дегенмен де, бақылау көбінесе зерттеушінің психологиялық көңіл-күйіне, оның талғамына, мәдениетіне, т.б. қасиеттеріне тәуелді болып келеді. Бұл талаптардың зерттеушінің бақылау жүргізу кезінде өз сөзіне, пікіріне және қимыл өрекетіне барынша сақ, байыпты болуын талап ететінін естен шығармаған жөн, сонда ғана оқиғаның табиғи желісі бұрмаланбайды. Ал бұған кері жагдайда зерттеуші анық емес, шүбә келтіретін сенімсіз ақпарат алуы мүмкін, сөйтіп оның байлам-қорытындысы толық дәлелденбеген, ал ұсыныстары үстірт, келте болады, бұл проблеманы шешудің тиімді жолын айқындай алмауға әкеліп соқтырады .
Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жүргізу техникасына, кімді бақылау қажеттігіне орай бақылау — бақылаулық және бақылаусыздық, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және реттілігіне сәйкес жүргізіледі.
Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі бақылауда, айталық, айдың әр күніндегі қимыл-әрекет ұқыпты түрде күнделікке түсіріліп отырады, кездейсоқ ба-қылауда ақпарат жоспарсыз жүргізіледі.
Бакылаушының қолданатын әдісіне орай бақылауды іштен және сырттан бақылау деп те ажыратады. Бұлардың біріншісінде зерттеуші әлеуметтік ортаға енеді, соған бейімделеді, сөйтіп оқиғаны іштен талдайтын болады, соның негізінде объектінің сырт көзге түсе бермейтін көптеген қүпияларын білуге, ерекше ақпарат алуға мүмкіндік жасалады. Екінші жағдайда зерттеуші топтың арасына мүше болып енбейді, бақылау топтың сыртынан жүргізіледі. Сондықтан да бүдан алынған ақпарат атүсті, жеңіл-желпі болып шығады.
Іштен және сырттан бақылауды ашық түрде немесе жасырын
(бүркеніш) атпен жүргізуге де болады. Жасырын атпен іштен бақылау (бақылауға алынбаған топ мүшелері әріптестерінің бірінің зерттеуші екенін білмейді) әдетте "жабық" ұжымдарды зерттегенде қолданылады. Ашық ұжымдарда топ мүшелері өздерін ғалымның бақылап жүргенін білуіне болады. Сөйтіп шамалы уақыт өткеннен кейін ұжым мүшелерінің зерттеушіге бойы үйреніп алады да, өздерінін дағдылы іс-әрекетіне, мәнігі мінез құлқына қайта енеді.
Бүркеніш атты жамылып іштен бақылау жасау ең тиімді тәсіл екен деп ұшқары ой қорытуға болмайды. Ашык бакылаудын өзіндік артықшылықтарын ұмытпаған жөн Әсіресе оның еркін сұрақтар беру мүмкіндігі, кейбір сәтте жағдайға тікелей қатысып, килігіп кетуі, зерттеушінін топ ішінде өзін емінеркін ұстап жүре алу мүмкіндігін арта түседі.
Бақылау әдістемесінін көптеген артықшыдығы бар. Оның болып жатқан құбылысты нақты байданыстармен анықтауғ а қабілеті зор. Бұлай бақылаудың оқиға жөніңде пікір-пайымдау жасаудан гөрі білім беру жағы басым болады. Бақылау жүргізуші респонденттердің (жауапшы) зерттеу сауаддарына жауап қайтаруға дайын екендігіне немесе қабілетіне бағынышты болмайды. Сондай-ақ бұл әдістің мейлінше қарапайым екеңдігін, оны қолдануға аса көп мөлшерде ақша-қаражаттың керек болмайтынын айта кеткен жөн. Жалпы бақылау әдісі аркылы алынған ақпараттың сенімділігі міндетті түрде тексерістен өткізіледі. Ол үшін бақыланған алғашқы объект дәл сондай жағдайда екінші рет бақылаудан өтеді. Екі бақылаудың нәтижесі бірдей болса, оңда ақпаратгьң сенімді болғаны. Ақпа-раттың сенімділігін арттыруга қажетті бақылау жүргізудің қалыптасқан негізгі ережелері бар, оларды міндетті түрде білу керек. Ол ережелер: 1) зерттеуші бақылау бірлігін тандап алуы керек. Мысалы, ұжымның психологиялық ахуалын зерттеу керек болса, шиеленіс соның бірлігі етіліп алынады, еңбек тәртібінің бірлігіне жұмысқа кешігіп келу, басшылар нұсқауын орыңцамау, т.б. алуға болады; 2) фактіні, оқиғаны, құбылысты, процесті бағалаудан бұрын оны содан ажырата білу шарт. Айталық, мектептің педагогикалық кеңесін бақылаған зерттеуші оның 2 сағатқа созылғанына (бұл факті болады) көңіл аударса, кеңестің уақытты тиімсіз пайдалануы, оның солғын өтуі де (бұлар бағаға жатады) назардан тыс қалмайды; 3) бақылаудың нәтижесін қолма-қол жазып отыру қажет. Ол кейін жазылған болса, кейбір "майда-шүйдесі" ұмыт қалады; 4) зерттеуші өзі жүргізген бақылауды өзімен паралелль бақылау жүргізуші әріптесінің жүмысымен салыстырғаны дұрыс; 5) бір объектіні бірнеше жағдайда бақылаған жөн. Мысалы, басшының күнделікті әрекетіне назар аударылады және төтенше жағдайда оның шешім қабыддауына ден қойылады; 6) бақылаудан алынған мәліметгі өзге әдіспен алынған мәліметпен (айталық, құжаттар) салыстырған орынды. Ақпарапың сенімділігі мен анықтығы субъективтік кедергі жойылмайынша камтамасыз етілмейді. Дегенмен де. мұны жүзеге асыру онай нәрсе емес. Себебі бақылаушы әрдайым өз тәжірибесіне, пайым-түсінігіне арқа сүйейді және өз көңіл-күйіне тәуелді болады Бақылауға алынуға тиісті оқиғалар мәнді және мәнсіз оқиғалар ретінде жәй ғана топтастырылады. Бұл қарапайым топтасу бойынша мәнді оқиға міндетті түрде жазылып алынады, ал мәнсіз окиғаны жазбаса да болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет