Сабақтың ортасы
30 мин
|
Бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашу.
- Ұрлық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
- Ұрлық істеген адамдар қалай жазаланады?
«Ассоциация» әдісі
Сізде «ұрлық» сөзін естігенде қандай түсінік пен сезім пайда болады?
«Миға шабуыл» әдісі
- Ұрлық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
- Ұрлық істеген адамдар қалай жазаланады?
- Бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау (ұрлық);
- бөтеннің мүлкін ашықтан ашық ұрлау (тонау);
- шабуылға ұшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш жұмсаумен ұштастырып, немесе сондай күш жұмсамақ болып қорқытып бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен шабуыл жасау (шабуыл жасап тонау);
- алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін иемдену немесе бөтеннің мүлкіне құқықты сатып алу (алаяқтық);
Ұрлық, ұрла және ұрлау деген сөздердің түбірі «ұр» деген бір сөз. Осы түбір сөзге –лық, -ла және -лау жұрнақтарын қосып ұрлық сөзін – зат есімді, ұрла сөзін - етістікті және ұрлау сөзін шығарып отырмыз.
Ұрлық туралы Қылмыстық Кодекстің «Меншiкке қарсы қылмыстар» деп аталатын 6-тарауында жазылған. Оның 175-бабы «Ұрлық» деп аталды.
Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету
Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
177-бап. Алаяқтық.
Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады
Қандай ұрлық туралы мақал білесіңдер?
Қорытынды бөлім
- Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.
|
.
178-бап. Тонау
Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
179-бап. Қарақшылық
Қарақшылық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмiрi мен денсаулығына қауiптi күш көрсетумен немесе тiкелей осындай күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
180-бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау
Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени жағынан құнды заттар мен құжаттарды ұрлау, ұрлықтың жасалу тәсiлiне қарамастан - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
-Ұрлық түбі қорлық
-Ұрымен жақын болсаң ұятқа қаласың
|
https://www.youtube.com/watch?v=a40gpXwH3KA
3.13 мин
|