Сабақтың тақырыбы Салауаты өмір салтын ұстанайық Сабақтың мақсаты



бет12/17
Дата15.02.2022
өлшемі115,03 Kb.
#25592
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Әлеуметтік желі деген не?

  • Әлеуметтік желі – бұл тек адамдарды бір-бірімен байланыстыратын вебсайт қана емес, сонымен қатар өз айналасындағы адамдардың тағыда кімдермен байланыс таныс екенін білудің, сондай-ақ, сол арқылы өз таныс-білістігіңді арттырудың жолы. Демек, әлеуметтік – халық, адамдар, топ болса, желі –байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз.

  • Әлеуметтік желі не үшін керек?

  • Әрине, селбесіп,  араласып-құраласып өмір сүру үшін. Адам баласының табиғатында бір қасиет болса керек, біз мысалы, өзгелермен сөйлесуді, бейтаныс адамдармен танысқанды, белгілі бір тақырыпта пікір алмасқанды, үйге қонақ келгенде фото-альбомдарымызды көрсеткенді жақсы көреміз. Ал, шынайы өмірде біз мұндай әрекетті тек реті келгенде ғана жасасақ, қазіргі ақпараттық технология, әсіресе интернеттің қарыштап дамыған заманында бұл оңайлана түсті. Өйткені, біздің ұғымымызда «әлеуметтік желі», яғни «адамдардың бір-бірімен виртуалды байланыс» деген түсінік пайда болды. Демек, сіз өзіңіздің дәл қазіргі көңіл күйіңіз қандай екенін жұртқа айту үшін немесе кешегі түнде болған досыңыздың тойындағы суретті өзгелерге көрсету үшін һәм өзіңіз сүйіп тыңдайтын әншінің шығармашылығы туралы достарыңызбен  еркін бөлісе аласыз. Осылайша, сіз әлеуметтік желінің мызғымас бір бөлігіне айналасыз. Тоқетері, әлеуметтік желі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы үшін керек.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет