Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Қызығушылықты ояту
Тыңдалым бойынша өткен сабақта сіздерге: Эссе дегеніміз не? Ол қалай жазылу керек? Өзіңіз қалаған тақырып жаныңызға жақын ба? деген түсініктер тыңдалым арқылы түсіндірілді.Үйден төмендегі тақырыптар бойынша жазылым, айтылым дағыларына сүйене отырып эссе жазу жұмысы берілді.
« Жүрегімнің жарық жұлдызы – Ана»
«Ана – өмірдің нұры»
«Ұстаз – ұлағатты есім»
«Менің арманым»
Енде, балалар, жазылым стратегиясының мына дағдылары бойынша эссені қалай жаздыңдар? Әр қайсың өз жұмыстарың туралы ой бөлісіңдер.
Жазар алдында мен ...
менің орындайтын тапсырмаларды түсінетінімді тексере аламын;
жазуда пайдалануға болатын идеяларды жазып ала аламын;
өз идеям мен ойларымды білдіру үшін қажетті жоспар әзірлей аламын;
жазу кезінде қолдануға болатын грамматикалық құрылымдарды(шақ,шылаулар, үстеулер, сын есімдер) ойластыра аламын.
Жазып отырғанда мен...
сөздікті пайдалана аламын;
синонимдерді келтіре аламын;
жазылып қойған сөйлемдерге қайта оралып, оларды тексере аламын;
жұмыстың шимай нұсқасын жазып, оны түзете аламын.
Жазып болғаннан кейін мен...
жазған шығармамды дауыстап оқып шыға аламын (оның қалай естілетінін талдай аламын;
грамматикалық құрылымдардың дұрыс қолданылуын (шақ, бастауыш пен баяндауыштың үйлесімі, сауаттылығыт.б.) тексере аламын;
шығармаға тағы қандай әдемі сөздер мен сөз тіркестерін қосқым келетінін ойластыра аламын;
қажет болса, жұмысқа өзгерістер енгізе аламын.
Міне , балалар, сендер жазар алдында, жазып отырғанда, жазып болғаннан кейінгі іс – әрекеттеріңді өз бойларыңа қалай қалыптастырғандарың туралы айтып өттіңдер. Енді осы әрекеттеріңді айтылым стратегиясының дағдылары бойынша жазған эсселеріңді оқып талдап шығыңдар.
( бірнеше оқушының эссесінен үзінді оқыту)