2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мыс. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер.
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.
Кеңінен тоқталатын болсақ:алдымен тақырыптың атауына мән беріп, мақсатын, сізден не сұралып отырғанын, оған қатысты жағдаяттарды, өзекті мәселелерді т.б. жан-жақты ойланыңыз. Тақырыпты ашатын, жазатын мәселелерді жүйелеп алу үшін жоспар құрыңыз.
Сіздің жоспарыңыз келесі бөліктерден тұруы тиіс:
І.Кіріспе – тақырыпты таңдау себебі және мәні, логикалық және стилистикалық байланысқан бірқатар компоненттерден құрылады. Бұл кезеңде өз зерттеу барысында жауап іздеген сұрақты дұрыс құрастыру өте маңызды, ал әрі қарай жауапты растайтын дәлелдердің реттілігі қажет. Кіріспе бойынша жұмыс жасағанда мына сұрақтарға жауап көмектесуі мүмкін: «Эссе тақырыбында айтылған терминдерге түсінік беруге керек пе?», «Мен ашатын тақырып қазіргі кезде маңызды ма?», «Менің ойымша тақырыпқа қандай түсініктер енуі мүмкін?», «Тақырыпты бірнеше шағын тақырыпшаларға бөлуге бола ма?»
. Негізгі бөлім. Бұл бөлімде негізгі идея мен көтерілетін мәселесі аясында шоғырланған дәлелдер мен сараптамалар, негіздемелер болу керек. Тақырыпты тақырыпшаларға бөліп, алға тартатын дәйектерді, сараптама жоспарын жүйелі түрде құрып алған жөн. Аналитикалық материал ретінде графикалар, сызба, тірек – схемаларын да қолдануға болады.
Қарастырылатын мәселеге байланысты сараптама мына жүйемен жүзеге асуы керек: себеп-салдар, жалпы-жалқы, түрі-мазмұны, бөлшек-бүтін, тұрақтылық-өзгермелілік. Эссе құрастыруда бір параграф тек қана бір дәлелдемеден тұратынын естен шығармаған дұрыс. Жоспар құрып, бөлімдерді тақырыпшаларға ажыратқанда, осы ережеден ауытқымау қажет. Сонда жоспар бөліміндегі тақырыпшалардан қарастырылатын тақырып дәлелдемелері қаншалықты жүйеге сай екендігі бірден байқалады.
ІІІ. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды ой түйіні. Қорытынды құрастыру үшін қажетті әдіс-тәсілдер: қайталау, иллюстрациялар, цитата, сенімді дәлел. Қорытындыда осы дәлелдеме қажет болатын жағдай немесе мәселелерге байланысы да көрсетілуі мүмкін.Қорытындыдабасқа мәселелермен байланысын жоққа шығармай, зерттеудің (импликация) қолдануына сілтеме сияқты,эссені толықтыратын өте маңызды элементті ұстау керек. Қорытындыда «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап болу қажет. Эсседе зерттеген мәселе бойынша қатысы, оны дәлелдеу, өзіндік қасиет және жаңаша ойлау бағаланады.
Сабақты бекіту
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Білгім келеді
|
Мерзімі:12.10
№6 Тезис және оның ерекшеліктері
Сабақ мақсаты:
А) білімділік Зерттеу жұмыстары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: отаншылдыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар:, кітаптар, суреттер
Жаңа сабақ
Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |