Сабақтың тақырыбы "Шұғаның белгісі" хикаятының тақырыбы мен идеясы Оқу мақсаттары


бөлім. Салыстыру.Құлагер мен Құлайкөкті



бет34/39
Дата06.12.2022
өлшемі343,57 Kb.
#55416
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ашық сабақ шұға белгі

4.бөлім. Салыстыру.Құлагер мен Құлайкөкті.
Құлагер.
Жермен- жексен болып,кешкі қосаяқша зымыраған құлагер құлағын
жымпитып,бір-ақ уыс боп құйындай ұшты.Құлагер ерекше тұлпар.
Бәйгеге түскен аттар.
Төрт ат та бұл кезде қара терге малынған екен.Құйыскан,айыл астынан
сабынданған ақ көбік көрінеді.Болдыраған аттар.
5. бөлім.Қолдану. Шағын шығарма жазу.
«Ақан сері мен атбегілік өнер» «Ақан трагедиясы – ел қайғысы»
6. бөлім. Жазушы суреткерлігіне түйін сөз.
Ұжымдық жұмыс.Жазушының өнері шығарма тілінде.Құлагер –
Ақан қанаты,сырласы. Ата кәсібі – сыншылдық, атбегілік халық
мұрасы.
7. Белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Мерзімі:19.04 №29 Сабақтың тақырыбы:Эссе жазуда қолданатын көркемдегіш құралдар

Сабақ мақсаты:


А) білімділік Зерттеу жұмыстары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: отаншылдыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар:, кітаптар, суреттер

Жаңа сабақ

Көркем шығарма – әсемдік, әдемілік, сұлулық әлемі. Ондағы бүкіл көркемдік айшықтар іштей үйлесім тапқан, соның бәрі жымдасып барып, шығарманы біртұтас бітім еткен. Көркем шығарма бойындағы осы қадір - қасиет, сан адамды баурап әкетеді, жанын нұрландырады, әсемдікті тани білуге баулиды, сүйе білуге үйретеді.
Шығарманың сұлу, тұтас бітіміне ену арқылы оқушы кейіпкер бойындағы ізгілік, адамгершілік, адамдық сияқты асыл қасиеттерді тани алады. Мұның өзі оқушыларды биік адамгершілікке бастайды. Демек, көркем әдебиет жаратылысындағы эстетикалық қуатты оқушыларға беру, дүние тану, тәрбиелеу мақсаттарына орай кәдеге асыру – оқытудағы басты бағдар.
Әдебиет сабағы – өнер сабағы екені белгілі, олай болса, оның өзі өнер құралымен жасалуы керек. Бұл үшін кейде бір ғана штрих жеткілікті. Әңгіме мұнда мәтіндегі деталь жайлы болып отыр. Өйткені ол бүтін бір шығарма, көптеген жыр арқауын бойына сіңірген түйін.
Көркем шығарма сюжет желісімен дамып, жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: оқиға автордың, автордан басқа баяндаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым - түсінігі арқылы берілуі. Бұлардың бәрі оқырманның көркем туындыға деген қызығушылығын арттырады. Сюжеті қызық шығарма оқырманын еліктіріп, сол оқиғаның ішінде бірге жүргендей әсер қалдырады. Сюжет құрылымы: экспозиция (басталуы), байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешімінен тұрады. Соның ішінде біз көркемдік шешімге тоқталмақпыз. Шығармадағы шешімнің өзі оқырманға үлкен әсер қалдырады.
Шығарма сюжетінің шешімі - оның идеялық - көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады. Мысалы, көркемсөз өнерінің шебері, суреткер Ғабит Мүсіреповтың «Ер ана» әңгімесінің шешімі «Кек қалай алынды? Наталья мектепке қарай бұрылғанда, бір ғана гүрс етіп мектеп үйі аспанға ұшты.» Осылайша «Ер ана» әңгімесінде баяндалған оқиғалардың шешімі қарт ана Наталья партизандар көмген миналар үстіне от жағып, фашист офицерлері мен солдаттары орналасқан мектеп үйін жаруы және немересін бауырына қысқан ер ананың қашып шығуы болып табылады. Шешімі Ананың ерлік ісімен аяқталады.

Сабақты бекіту





  • БҮБ

Білгенім

Үйренгенім

Білгім келеді

Мерзімі:26.04 №30 Сабақтың тақырыбы:Эссе жазуда әдеби материалдарды пайдалану


Сабақ мақсаты:


А) білімділік Зерттеу жұмыстары туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: отаншылдыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар:, кітаптар, суреттер

Жаңа сабақ


Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру» болатын. Сол мақсатыма жетудің бірден бір жолын СТО бағдарламасымен танысқаннан кейін белсенді жүрді деп айтуға болады.
Бүгінгі күні эссе жазу арқылы студенттерімнің шығармашылық қабілетін дамыту арқылы жазу мәдениетін де қалыптастырып жатырмын деп айтуға болады .
Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді.
Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс. Автордың өзіне тән ерекшелігіне сай тілі жатық, бейнелі әрі бай, стилі жеңіл болу керек.
Яғни, бұл ерте ме, кеш пе әрбір шығармашыл болмыс назар аударатын философиялық, әдеби, тарихи – библиографиялық проза жанры.
Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде эссеге: «Эссе – бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма» деген анықтама берілген.
Классикалық эссе – бұл еркін тақырыпқа жазылған, көркемдік қиялдан азат қысқа көлемді шығарма. Эссенің мақсаты – әр түрлі тезистер,дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі.
Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән. Мұнда стиль маңызды роль ойнайды. Әр түрлі эссе байқауларында (оқуға пайдаланудың алдындағы сынақтарда, сондай-ақ өзіндік шығармашы-лық байқауларда) мәселен, 500 сөздің көлемінде эссе жазу тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет