Сабақтың тақырыбы "Шұғаның белгісі" хикаятының тақырыбы мен идеясы Оқу мақсаттары


Тезистері мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?



бет38/39
Дата06.12.2022
өлшемі343,57 Kb.
#55416
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ашық сабақ шұға белгі

Тезистері мағыналы әңгімеге қалай айналдыруға болады?
Жүйелі ақпарат,идеяларды нақтылайтын фактілер болып, автор оларды қандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен қатар өзінің хабарламасымен қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе – тезистерді ойды мағыналы баяндауға айналдыру қажет.
Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім.
Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және мінсіз (өзіндік болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке тәжірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертп т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы керек. Егерде эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу ұсынылады.
Негізгі бөлім тақырыптың бірізді баяндалуы болып табылады, жазылған мәселе бойынша ұсыныстар мен көзқарастарды бейнелі түрде жеткізеді, жазбаша хабарландырудың мақсаты мен бағытына сілтейтін ой желісін құрайды, дәлелдемелері мен сілтемелері бар, идеяны дәлелдемелер мен нақты мысалдар арқылы нақтылайды. Мұнда әр түрлі айқындау құралдары қолданылады.
Қорытынды бөлімде әдеттегідей қорытынды жасалады, жазылған мәселе мәні мен мазмұнын күшейтеді, автордың ойымен сәйкес келетін көңіл-күй мен сезімді анықтайды. Эссенің қорытынды бөлімі негізгі бөлімнің көлемімен бірдей болу керек.
Ал, баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл арқылы жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.
Автор неден бастап жазса да өз еркінде. Мүмкін кіріспе бөлімнен бастап, жайлап қорытындыға қарай
Қайта қарап шығу дегеніміз, хабарламаны сапасы мен нәтижесі тұрғысынан мәтінді редакциялау: ойдың айқындылығы, түсініктілігі, яғни мағыналық байланыс-тылығы, бірізділігі, сауаттылығы және стильдің дұрыс-тығын айқындау, қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. Екінші нұсқа бойын-ша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай бөліктерге дейін жалғасады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге дейін талданады, сараланады. Баян-даудың жатықтығына,ойдың логикалық сабақтас-тығына, байланысына назар аудару керек.
Түзету сатысында мәтін рәсімделіп, сауаттылығы, сөздердің байланысы, тыныс белгісі, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.
Мәтіннің шебер өңделуі соңына дейін жалғасады. Жаргон және қазіргі заманға сай сөздерді орынды қолдану керек, әйтпесе олар коммуникативті кедергі туғызуы мүмкін. Мәтінде «жағымсыз» сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Әсіресе, көп мағыналы сөздерді пайдалану барысында мұқият болуы керек: мағыналық реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңа оқырманның көзқарасыимен қарауға тырысу,ең соңында адамдар-дың пікірін білу.
Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен
шығармаукерек.
Сабақты бекіту
БҮБ

Білгенім

Үйренгенім

Білгім келеді

Мерзімі:17.05 №33 Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық ізденіс сабағы. Еркін пікір алаңы


Мақсаты:«Еркінжазу» әдісін меңгерту, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру кезіндегі тиімділігін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: «Еркінжазу» әдісінмеңгереді, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру кезіндегі тәжірибеде пайдалана алады.
Шеберлік сыныбын өткізу әдістері: Жұптық,топтық жұмыс,СТО стратегиялары, «Еркін жазу» әдісі,сергіту сәттері,бейнежазбалар, уақыты Сабақтың барысы:
Мұғалімдермен сәлемдесемін. Аудиториядағы ахуалды жақсарту жаттығуы
«ӨЗІҢЕТІЛЕГЕНДІ - БАСҚАЛАРҒАТІЛЕ!» жаттығуы орындалады.
ЖАҢА САБАҚ
ТАНЫСТЫРЫЛЫМ БОЙЫНША
«ЕРКІН ЖАЗУ» ӘДІСІ туралы мұғалім жалпы түсінік береді. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
ТОПҚА БӨЛУ
Мұғалімдерді нөмірленген түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөледі.
ТАПСЫРМА:
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбындағы мәтін
мұғалімдерге таратылып беріледі.
Мұғалім тапсырманы топтарға бөліп береді.
Тапсырманың орындалу барысын үнемі бақылап жүреді.
Постер қорғауда сұрақтарды түрлендіруге көп мән беріледі.
Топтар өзара,бірін-бірі бағалайды.
Оқыту үшін бағалауға үнемі мән беріледі.
Тапсырманы орындап болған соң,
СЕРГІТУ СӘТІ
«АҚИҚАТ НЕМЕСЕ ЖЕҢІС» мәтіні оқылып, талданады.
ОЙ ТОЛҒАНЫС.
1.Сіз қалай ойлайсыз,ақиқат дегеніміз не?
2.Мәтіндегі пікірге көзқарасыңыз қалай?
«ЕРКІН ЖАЗУ» ӘДІСІ бойынша тапсырма
Барлық топтағы мұғалімдерге «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» мәтіні жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.
Бағалау: 1. Өзін—өзі бағалауғаBLOB ағашының суретін береді,
2. Топтағы өзара бағалауғасабақ басында таратылған бағалау парақшаларына белгіленген баллдық жүйе бойынша тексеріледі.
3.Топ арасында «2 ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК»
арқылы бағаланады.
РЕФЛЕКСИЯ
Рефлексия парақтарын және стикерлерді таратады.
БББ бойынша пікірлерін жазу тапсырылады.
СЕРГІТУ СӘТІ
«Сабақтан шығудағы көңіл-күйді жақсарту .» бейнежазбасын ұсынады. Сабақтың барысы:
«ӨЗІҢЕ ТІЛЕГЕНДІ - БАСҚАЛАРҒА ТІЛЕ!»жаттығуы орындалады. Әр мұғалім 10-15 секунд уақыт аралығында іштерінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек ,тілеу тілейді. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолдарынан ұстап, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтады..
ЖАҢА САБАҚ Мұғалімдер «Еркін жазу» әдісі туралы оқып,танысады.
Мұғалімдер нөмірленген түрлі-түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
ТАПСЫРМА:
Мұғалімдер «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбындағы мәтінмен танысып,ой қорытып, постер қорғайды.
№ 1 топ
«Қызығушылықты ояту» кезеңін талдап,постер қорғайды
№ 2 топ
«Мағынаны тану» кезеңін талдап,постер қорғайды
№ 3 топ
«Ой-толғаныс» кезеңін талдап,постер қорғайды
№ 4 топ
Сын тұрғысынан ойлау туралы талдап,постер қорғайды
Мұғалімдер тапсырманы орындап,талдайды.
ОЙ ТОЛҒАНЫС. Мәтін бойынша өз пікірлерін айтады.
«ЕРКІН ЖАЗУ» ӘДІСІ бойынша тапсырманы орындайды.
Әр топта өзара талқылап,жақсы деген еңбекті оқиды.
Бағалау:
1. Өзін—өзі бағалау BLOB ағашы
арқылы бағаланады.
2. Топтағы өзара бағалау
бағалау парақшасы арқылы.
3.Топ арасында «2 жұлдыз, бір тілек»
арқылы бағаланады.
Рефлексия
Рефлексия парағы
1.Бүгінгі үдерісте сізге не қатты ұнады (ұнамады)? Неліктен ұнады(ұнамады) ?
2.Бұл тәсілдер қаншалықты тиімді болады деп ойлайсыз?
3.Қандай нәтиже күтесіз?
4.Оқушы шығармашылығын дамытуда «Еркін жазу» тәсілінің тиімділігі неде деп ойлайсыз?
5.Шеберлік сабағынан шыққанда қандай көңіл -күйде болдыңыз?
Стикерлер арқылы
БББ бойынша пікірлерін жазады.
СЕРГІТУ СӘТІ
«Сабақтан шығудағы көңіл-күйді жақсарту .» бейнежазбаны тыңдап,көріп ,көтеріңкі көңілде шығады.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет