Сабақтың тақырыбы: Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы



Дата10.03.2023
өлшемі0,64 Mb.
#73215
түріСабақ
Байланысты:
Бөлім


Бөлім:

8.3В. Қозғалыс

Педагогтің аты-жөні:

Берікбай Меруерт

Күні:

30.01.2023ж

Сыныбы: 8 б

Қатысушылар саны: 20 Қатыспағандар саны:1

Сабақтың тақырыбы:

Сүйектің байланыс түрлері: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.6.3 сүйектердің байланыс түрлерін салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Сүйектердің байланысу типтерін айтып бере алады
Көпшілік оқушылар үшін:
Жартылай қозғалатын байланысудың қозғалатын байланысуға өтуін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Қозғалатын байланысуды сипаттай алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
3.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.



1. Омыртқалы жануарлардың сүйектері өзара қалай байланысуы мүмкін?
2. Буын қандай міндетті элементтерден тұрады?
3.Сүйек жігі дегеніміз не?
4. Бір сүйек шетінің басқа сүйек ойпаңына бірігіп өсуі қалай аталады?
5.Буын құрылымын атаңдар?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.

Дескриптор: Жалпы -3 балл
1.Кеуде қуысының құрылысын сипаттайды.

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру




Қолдану айдарындағы тапсырманы орындатады

1. Сүйектердің жартылай қозғалмалы байланысу қызметін сипаттайды. Ол неден тұрады? Мысал келтіріп түсіндіреді.

2. Сүйектердің байланысу типтері мен олар атқаратын қызмет арасындағы байланысты анықтайды.

Дескриптор:
Жалпы-3 балл
1.Суретпен жхұмыс жасайды. Мысал келтіреді.

ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.




Талдау айдарындағы тапсырманы орындатады

1. 10 жұп қабырға төске не арқылы байланысатынын мысалдар келтіріп, дәлелдеңдер.

2. «Буынның құрылысы» деген сызба сызыңдар.

Дескриптор:Жалпы-3 балл
Тапсырманы орындайды



ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
ұ

Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет