Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік-шынайы сезім Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#85057
түріСабақ
1   2   3
Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс. «Ойлан,жұптас, бөліс»
Төменде берілген екі мәтінді оқыңыз. Олардың тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, олардың тілдік ерекшеліктерін салыстырып, кестеге салыңыз. (13 минут)
1-мәтін
Жалпы сүйіспеншілік ұғымы — бүкіл жарық дүниені сүю. Егер адам баласының сүйіспеншілігі бүкіл әлемге, яғни жанды, жансыз дүниеге (тау, тал, адам, отан, тіл, дін) бірдей болса, нұр үстіне нұр. Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі, тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында. Адамдар әртүрлі мінез-құлықпен, яғни өмірді түсініп, сүюдегі дәрежесін әртүрлі етіп жаратылған. Біреудің өмірге деген сүйіспеншілігінің аздығы, бұл орайда дәл осы кемшіліктің өз бойымызда бар екендігін көбіне мойындамаймыз. Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сондықтан адамзат, қоғам, дәуір, заман алмасуын қанша рет бастан өткізгені белігісіз. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады.
2-мәтін
Сүйіспеншілік жүректе

Сүйе біл сен, туған өлкең, еліңді,


Кең байтақ, ен далалы жеріңді.
Сүйе біл, сен, қазақ елің айбынды,
«Қайсар Қазақ» атты халқыңды .

Сүйе біл, сен, анаңды ақ жаулықты,


Кербез жанның бойындағы ұлылықты.
Сүйе біл, сен, әкеңді нар тұлғалы,
Әке еңбегі сендей жанның ер болғаны.

Сүйе біл, сен, жан дүниеңді, өзіңді,


Орындай біл, уәде еткен сөзіңді.
Сүріңсең де, жеңілсең де, шегінбе
Тойтарыс бер, бола біл де төзімді.

Сүйе біл, сен, адамзатты себебі:


Сүйіспеншілік — бар жақсының тірегі,
Сүйе біл, сен, залымдықтың қас жауын,
Мейірімге толсын әрбір жанның жүрегі!








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет