Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасамын.
Сынып оқушыларын түгелдеймін.
Керекті құрал-жабдықтарды алдырып, зейіндерін сабаққа аудартамын.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарларын сабаққа аудару (5 мин)
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
1.Өтірік айту жаман қасиет дегендерің, қол соғайық.
2.Жақсы адам болғыларың келсе, орнымыздан тұрайық.
3.Жалқаулық жаман қасиет дегендерің, отырайық.
4. Бүгінгі сабаққа жақсы көңіл-күймен келгендеріңіз, аяқты еденге соғайық.
5. Адамгершілігі мол адамдар орнымыздан тұрайық.
6. Осы мектеп туралы жақсы ой-пікірдегі адамдар «Біз» деп айқайлаңыздар.
7. Бүгінгі кездесуге қуаныштылар қол шапалақтайық.
8. Оқушылар сабақтарын 5-4 оқысын десеңіздер бір-біріміздің қолымызды алысайық.
Жаңа сабақ,
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын бейнебаянға назар аударайық.
Бұл бейнематериалдағы адамның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыздар?
Жүрегі сүйіспеншілікке толы адам қандай болады?
Өзіңіз сүйіспеншілігіңізді айналаңызға қалай жеткізесіз?
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы не туралы?
Сабақтың тақырыбы: Сүйіспеншілік – шынайы сезім.
Оқу мақсаты: 7.2.4.1 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.4.4.1 Етістіктің есімше ,көсемше ,тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану
|
Оқушылар бір- бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.
Оқушылар интерактиві тақтада берілген бейнебаянды қарайды..
Бейнебаян негізінде сұрақтарға жауап беріп,талқылайды. Сабақ тақырыбын болжайды.
Дәптерлерін ашып, тақырыпты жазады
|
|
Бейнематериал
https://youtu.be/2840RGmVSQg
|