Рефлексия Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
«Менің көңіл-күйім баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада
салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!»,
«Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін»,
«Нашар» деп аталады.
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі.Сабақтың тақырыбы: Синоним дегеніміз не?
Бөлімі:
Дені саудың - жаны сау
Педагогтің аты-жөні:
Тоқтарбекова Аяулым Тоқтарбекқызы
Күні:
11.01.2023
Сыныбы: 2А
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Синоним дегеніміз не?
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
2.2.2.1 Синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сө барысында қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Оқушылар оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап бере біледі;
Көптеген оқушылар: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Құндылықтары:
Оқушыларды бір – біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту.
Ұжымдық жұмыс.
7мин.
Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I-« Алтын асықтар» тобы
II –« Күміс асықтар» тобы
III– «Қола асықтар» тобы
Саралау:Бұл жерде қолданудың
«Жіктеу» тәсілі арқылы көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға қолдану еркіндігі беріледі.
(Ұ) “Кездесу” әдісі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастырады.
Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Талпын!»
Асықтар салынған конверт
Миға шабуыл. «Жедел жауап» әдісі. Ұжымдық жұмыс.
5 мин.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында экранда көрсетілген суреттерге мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім экраннан сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын таныстырады.