39-жаттығу. «Интервью» стратегиясы бойынша жұбымен бірлесіп, оқулықта берілген сұрақтар негізінде диалог құрастырады. Жұмыстарын топта жариялайды. «Менің сөзім» стратегиясы ұжыммен жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Оқушылардың жұптық жұмысын қорытындылап, сабаққа рефлексия жасайды. Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
– мәтінді түсініп оқиды; – сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқиды; – хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемді салыстырып, айырмашылығын айтады; – сұраулы мағына беріп тұрған сөзді табады; – мәтіндегі сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазады.
Оқушылардың жұмысы дескриптор бойынша бағаланады.
1 балл 1 балл
2 балл
2 балл
1 балл
1 балл 2 балл
Дескриптор
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі шығармашылық тапсырма орындатылады. Сұрақтардың жауаптарын толықтырып жазып, қандай сөйлемдер шыққанын анықтайды. Талдау жасайды. Өз ойымен бөліседі. Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «Сауатты жазу»; екінші тұрған «Көркем жазу» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады.