Сабақтың тақырыбы: «Стерильді фильтрациялау»


Нипагин – параоксибензой қышқылының метил эфирі 0,25% дейінгі концентрацияда қолданылады. Нипазол



бет5/7
Дата26.11.2023
өлшемі43,61 Kb.
#128486
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
f629af38ae393a

Нипагин – параоксибензой қышқылының метил эфирі 0,25% дейінгі концентрацияда қолданылады.
Нипазол – параоксибензой қышқылының пропил эфирі. Іс-тәжірибеде 7 бөлік нипагиннен және 3 бөлік нипазолдан тұратын 0,07% ерітінді қоспасын қолданылады.
Хлорбутанол гидрат – (хлорэтон) - 0,5% дейінгі концентрацияда қолданылады.
Трикрезол – метилфенол - фенолға қарағанда бактерицидтік әсері жоғары (0,3% дейін).
Фенол – 0,5% дейінгі концентрацияда қолданылады. Консерванттар ретінде сонымен қатар спирт, глицерин, кейде сулы сығындыларына қосылатын хлороформ, салицил қышқылы (0,1%) қолданылады.
Химиялық стерильдеудің ерітіндімен стерильдеуінде бақылау параметрлік әсер етуші заттың бастапқы және жұмысшы ерітінділердегі құрамын, сонымен бірге жұмысшы ерітіндінің температурасы анықтау арқылы жүргізіледі.
Стерильдеудің жаңа әдісі температураны бірден төмендету, немесе жоғарылатуға негізделген. Микроорганизмдер температураның бірден өзгеруіне өте сезімтал болады. Объектіні 155-160°С дейін 20-40 секунд жылдамдықта қыздырады, 0,25 секунд уақыт ұстап, 50-40 секунд жылдамдықпен температураны тез төмендетеді. Барлық процесс 5 секунд аралығында жүргізіледі Бұл кезде микроорганизмдер өліп, ал дәрілік заттар ыдырап үлгермейді.
Дәріханада дайындалатын инъекциялық дәрілік препараттардың стерильділігін бақылау, ҚР ДСМ санитарлық бас дәрігерінің 25.04.2002 ж. № 9 «Дәріхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану, санитарлық ережелері мен нормалары» бұйрығының 12 қосымшасына сәйкес санитарлық-эпидемиялық станцияларда (СЭС) жүргізіледі. СЭС тоқсанына екі рет инъекциялық ерітінділердің, көз тамшыларының, оларды дайындауға қажетті инъекциялық сулардың стерильділігін бақылайды; тоқсанына бір рет іріктеп суды және инъекциялы ертінділерді МФ XІ басылымына сәйкес, пирогендікке тексереді.

1. Дәріханада дайындалатын иньекциялық дәрілік препараттардың стерильділігін бақылау қай бұйрық бойынша жүргізіледі?



  1. ҚР 25.03.2003ж№9

  2. ҚР 25.04.2002ж№9*

  3. ҚР 27.11.2006ж №907

  4. ҚР 01.11.1996ж №481

2. Терең қабатты фильтрлер?

  1. Ультрафильтрлер, шыны фильтрлер

  2. Керамикалық және фарфор фильтрлер*

  3. Қағаз-асбесті фильтр және мембрандық фильтрлер

  4. Шыны және фарфор фильтрлер

3. Шыны микросаңылаулы фильтрдің диаметрі?

  1. 3мкм

  2. 5мкм

  3. 4мкм

  4. 2мкм*

4.Диаметрі 100-150 мкм тұратын фильтр?

  1. Керамикадан жасалған фильтр

  2. Қағаз –асбесті фильтр

  3. Мембраналық фильтр*

  4. «Владипор»

5. РФ экспериментальды зауытында МФА типті целлюлоза ацетатынан тұратын фильтр?

  1. «Владипор»*

  2. Қағаз –асбесті фильтр

  3. Мембраналық фильтр

  4. Керамикадан жасалған фильтр

6. Параоксибензой қышқылының метил эфирі қанша пайызға дейінгі концентрацияда қолданылады?

  1. 0,15%

  2. 0,2%

  3. 0,18%

  4. 0,25%*

7. Хлорбутанол гидрат қанша пайызға дейінгі концентрацияда қолданылады?

  1. 0,8%

  2. 0,1%

  3. 0,5%*

  4. 0,7%

8. Газбен стерильдеу үшін қолданылатын заттар?

  1. Таза этилен тотығы*

  2. Алюминий, барий

  3. Сутектің асқын тотығы

  4. Апоморфин гидрохлориді

9. Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу не үшін қолданылады?

  1. Мембраналардың тез бітелуін болдырмау үшін

  2. Микроорганизмдердің вигетативті және споралық формаларын жоюға*

  3. Механикалық бөлшектерден аластау үшін

  4. Микроорганизмдерді өлтіреді

10. Ауаны стерильдеу уақыты?

  1. 1-2сағ

  2. 60-90мин

  3. 2-3сағ

  4. 1,5-2сағ*



Бағалау критерийі: «5» - 5% 1қате «4» - 20% 2 қате «3» - 33% 3 қате «2» - 35 % 4 қате


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет