Шыны микросаңылаулы фильтрлердің диаметрі 2 мкм, балқытылған шыны түйіршігінен дайындалады. Фильтрлер шыны түтікке бекітілген, диск немесе пластина формалы болады. Шыны фильтрлер басқа кіші саңылаулы фильтрлермен салыстырғанда дәріхана іс-тәжірибесінде қолдануға ыңғайлы. Фильтрлеуші пластиналарды жұмыстан соң, бетіндегі механикалық бөлшектерден аластау үшін, тазартылған су ағынында жуады.
Керамикалық және фарфор фильтрлерінің кемшілігі стерильдеу уақытының ұзақтығы, ертіндінің қалың фильтр саңылауларында жоғалуы, фильтрдің сынғыштығына байланысты микрожарықтардың пайда болуы, демек стерильдеудің сенімсіздігі сонымен қатар, фильтрлерді ұзақ қолданғанда, оларда микроорганизмдер өсіп кетуі мүмкін. Фильтрлерді ерітінді қалдығынан тазарту өте қиын, сондықтан әр ерітіндіге бөлек фильтр қолдану керек.
Қағаз-асбесті фильтр пластина түрінде, фильтрлеуші беті, (Сальников фильтрі) екі сфералық дискінің арасына қосылған металл рамадан тұрады. Басқа түрі Зейц фильтрі, ол клетчаткалы пластиналардан және саңылауының мөлшері 1-1,8 мкм болатын асбестен тұрады. Бұл фильтрлер шаншуға арналған ерітінділерді өндірісте дайындаған кезде қолданылады, бірақ емдеу-профилактикалық мекемелерінің үлкен дәріханаларында да қолданылуы мүмкін.
Микросаңылаулы мембраналық фильтрлердебұл кемшіліктер жоқ. Олар (100-150 мкм) полимер материалынан тұратын жұқа пластиналар. Стерильді фильтрат алуға мүмкіндік беретін фильтр саңылауларының орташа мөлшері 0,3 мкм. Мембраналардың тез бітелуін болдырмау үшін, олар саңылаулары ірілеу фильтрлермен бірге қолданылады.
Қазіргі кезде әртүрлі полимерлер негізінде синтетикалық қара сағыздардан (смола) микросаңылаулы фильтрлер шығарылып жатыр. РФ экспериментальды зауытында МФА типті целлюлоза ацетатынан тұратын «Владипор» мембраналық фильтрлер жасалынды. Саңылау мөлшерлері 0,05 тен 0,95 мкм диапазонында 10 нөмірі (түрі) шығарылады.
Ультракульгін (УК) саулелермен стерильдеу. УК-сәуле микроорганизмдердің вегетативті және споралық формаларын жоюға қабілетті. Қазіргі кезде УК-сәулелері бөлме ауасын тазарту үшін халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылады. Ультракүлгін радиация - толқын ұзындықтары 300 нм төмен күн сәулелерінің көрінбейтін қысқа толқынды бөлігі. УК-радиация микробтық клеткалардың ферментік жүйелерінің фитохимиялық бұзылуын тудырады, клетка протоплазмасына улы органикалық қоспалар түзе отырып әсер етеді. Дәріхана іс-тәжірибесінде УК-сәулелерінің көзі - арнайы БУВ (Бактерицидная увиолевая лампа) лампалары болып табылады. Дәріхана іс-тәжірибесінде УК лампалары ауаны, тазартылған суды, қосымша материалдарды және т.б. стерильдеу үшін қолданылады. БУВ лампалары барий және стронций гидрокарбонаттарымен жабылған, ультракүлгін сәулелерін өткізетін ұзын вольфрам спиралімен электроды бар, арнайы увиолды шыныдан жасалған түзу түтік. Түтікте сынаптың аз ғана бөлігі және қысымы сынап бағанасы бойынша бірнеше мм болатын инертті газ аргон бар. Ультракүлгін сәулелерінің көзі кернеу берген кезде электродтар арасынан шығатын, сынап разряды болып табылады. Увиолды шыны құрамына 72% дейін кремний, алюминий, барий тотықтары кіреді.