Мазмұны:Жаттығудың шарты бойынша біз сызықша жүргізу арқылы “өзіңнен әрі”(ұзын-қысқа), “өзіңе қарай” сонан соң жарты дөңгелек жасаймыз. “Бұл не?” яғни осы сұрақты ашу арқылы қандай заттар екенін тануымыз керек
Білімді тексеру кезеңі:Бүгінгі сабақ та өткен тақырыптарды есте сақтадық па?
Бекіту кезеңі: Қортындылау
«Мүйізді ешкі»
Көрсеткіш пен шынашақ саусақ тік ұсталған, басбармақ– ортаншы мен шынашаққа
Тексерілді: ДОІЖО: Байтуреева Н.С.
Пәні: Түзету- дамыту
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы: : Бағдаршам және көлік түрлері
Мақсаты: 1. Бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
2. Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту.
3. Жолда жүру ережелерін меңгерту.
Балаларды шеңбер құрғызып тұрғызу.
Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік
Бағдаршамы бар көше мен бұрылыстарға саяхат жасату. Ауыл педагогтері бағдаршамы бар үлкен даңғыл бейнеленген плакатты пайдаланады. Балалардың назарлары бағдаршамның жұмысына, машиналардың арлы – берлі жүруіне, жаяу жүргіншілердің іс-әрекеттеріне назар аударылады. Жол жүру ережелерімен таныстырады. Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншінің маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше жол бойына қойылатын арнайы белгілер екенін айтып түсіндіреді.
Ә.Табылдының «Бағдаршам» деген өлеңін оқу.
«Көлік түрлері қайда?» дидактикалық ойыны. Жол белгілерін ата!?
Жолда жүру ережесі:
1.Машина жүретін жолда ойнауға болмайды.
2.Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды.
3.Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды.
4.Көшенің кез келген жерінен өтуге болмайды.
5.Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды.
Жол түрлерімен (машина жүретін жол, жаяу жүргінші жүретін жол, екі бағытқа бөлінетін жол, екікөшенің түйіскен жерімен) таныстырады, суреттен көрсетеді. Егер бағдаршам жоқ болса, жол тәртібін реттеушіге бағыну қажеттігі айтылады. Жолда жүру ережелерін сақтау, үйрену арқылы бала өзінің өмірін және денсаулығын сақтайтындығы түсіндіріледі.
Дәптермен жұмыс:
1.Сурет бойынша жолда жүру ережелерін еске түсірту, қайталату.
2.Суреттегі көлік түрлерін үш топқа (ауадағы, судағы, жердегі) бөліп атау.
3.»Суретте не артық?» дидактикалық ойын жүргізу.
4.Суреттегі көлік түрлерін бір-бірімен салыстыру.
Қорытындылау.
Өзін-өзі бағалау Сұрақтар:
1.Жаяу жүргіншілер қай жермен жүру керек?
2.Жаяу жүргіншілер көшенің қай жерінен қиып өте алады?
3.Өзің тұратын жерде қандай көлік түрлері жүреді?
Достарыңызбен бөлісу: |