Сабақтың тақырыбы: Танысу. Мен және менің қызығуым. Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын өз түсінігі бойынша аша білуге үйрету



бет20/68
Дата09.12.2022
өлшемі269,71 Kb.
#56183
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Сабақтың мақсаты. Баланың өз ойынан қиып жапсыру дағдысын қалыптастыру. Ой-қиялын шығармашылық қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар. Түрлі түсті қағаздар, шырша қиып жапсырылған қағаздар.
Сабақтың барысы. Шырша жайында өлең оқылады. "Жаңа жыл келді". Сөзі. Д. Қанатаев. И. Нүсіпбаев.
Бізге жаңа жыл келді, Ойыншықты мұншама,
Аяз ата бізге енді. Кім ілді екен шыршаға?!
Алақай, айнала түрленді, Алақай, айнала түрленді?!
Балақай би биле, тұрма енді! Балақай, би биле тұрма енді!
Шыршаның ойыншықтарын көрсетіп, осындай шыршаны безендіретіндерін айтады. Шыршаға ілінген ойыншықтарды қарап көреді. Әр балаға өзіне берілген шыршаны безендіру ұсынылады. Балалар шыршаны өз ойларынан, кергендерінен еске түсіріп, түрлі түсті қағаздарды пайдалана отырып жасайды. Балаларға ойыншықтарды қиюға және онымен шыршаны безендіруде дұрыс орналастыра білуге бағыт береді. Ұқыпты жұмыс істей білулері қадағаланады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балалар жұмыстарын талдау
Жаттығу. «Заттың қолдануы»
Қандайда бір таныс заттың аты аталады, мысалы «Кітап». Қолданудың түрлі тәсілдерін тізіп шығу қажет: «кітап үстелдің үстіндегі түрлі қағаздарды өзгелерден жасырып қоюға, заттың астына тірек ретінде пайдалануға»т.б
Заттың атқаратын функциясын кім қолданса да сол жеңіске жетеді. Тапсырма затқа шоғырлануға, оның кездейсоқ құбылысын ашуға қабілеттілікті дамытады.

Пәні: Түзету- дамыту №22
Мерзімі: Сыныбы:
Пән мұғалімі:
Сабақтың тақырыбы:Жаңа жылға сыйлығым.Қар ханшайымының әдемі өрнектері.
Сабақтың мақсаты: Бейнелі өрнекті көре білу іскерліктерін дамыту. Жіптердің көмегімен белгілі бір бейнені бере білу дағдыларын қалыптастыру. Түстердің үйлесімділігін сезіну, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: жіптер, көк түсті гуашь бояу ақ қағаз, әліппе - дәптер.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші балаларға өлең оқиды. "Суретші қыс". К.Нүсіпов.
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық
Аунап таза ақ қарға.
Балалар жүр мақтанып.
Тазартып бар кір шаңын,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан;
Сурет салып тастады.
Балалардың көңілін терезедегі аяз өрнектеріне аудару, шығарманың мазмұнымен байланыстыра отырып түсіндіру Осындай суреттерді Қар ханшайымы да салғанын айтады. Бүгін біз сиқыршыға айналамыз да осындай әдемі өрнектерді сиқырлы жіптердің көмегімен өзіміз де саламыз. Тәрбиеші жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді:
- алдымен жіпті бояуға тұтас батырып алу шүберекпен артық бояуды сүрту;
- жіптің бір ұшын ұстап, екінші ұшын қағаздың бетіне түсіру қағазды жабу;
- қолмен қағаздың үстінен сипап шығу үстіндегі қағазды алу; Аязды өрнектерге ұқсайтын Қар ханшасының суреттері пайда болады.
Балалардың оз беттерінше жұмыстары.
Жұмыстарының ішінен ең сәтті шыққан жұмыстарды таңдап алады. Балалар жұмыстарын талдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет