Сабақтың тақырыбы Тапсырмалар Әдістемелік ұсынымдар



Дата14.06.2023
өлшемі24,73 Kb.
#101322
түріСабақ
Байланысты:
Документ (4)



14. СОӨЖ - оқытушысының басшылығымен білім алушының өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар




Сабақтың тақырыбы

Тапсырмалар

Әдістемелік ұсынымдар
(қажет болған жағдайда)

1.

Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі

1. «Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар» тақырыбында мультимедиялық көрсетілім дайындау.
2«Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы ролі» тақырыбында дәлелдер келтірілген әңгіме дайындаңыз.
3Кәсіби құзыреттілік - мұғалімнің маңызды сапасы ұғымына тезис құрау.

1, 3-8, 11-12, 18-20, 26, 30. 32, 36, 39

2.

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері

1. Зерттеудің мақсатын, міндеттерін құрастырыңыз және зерттеу әдістерін анықтаңыз.
2. Негізгі түсініктерді анықтаңыз: ғылым әдіснамасы, ғылыми-зерттеу әдістері. 
3Таным нысанасының ерекшелігіне байланысты ғылыми зерттеу әдістерінің сызбасын жасаңыз.
4 Әдіснаманың деңгейлерін сипаттаңыз.

9, 10, 11, 27, 37, 46, 47, 48, 49, 50, 52, 59

3.

Жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу және дамыту мәселесі

1. Педагогикалық әдебиеттерді қолдана отырып, тұлға дамуы факторларының сипаттамасын беріңіз.
2. Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары
3. Тұлғаға әсер етеін факторлар туралы баяндаңыз.
4«Қазіргі кезде қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның дүниетанымы» тақырыбына жоба құраңыз.

1, 2, 3, 23, 24

4.

Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы

1 Тұтас педагогикалық үдеріс мәселесі бойынша библиография құрастырыңыз.
2. Әртүрлі авторлар жұмысында ұсынылған «педагогикалық үдеріс» ұғымының мазмұнын салыстыру. Ұғым мазмұны дамуының хронологиялық кестесін құру. Өз көзқарасыныңызды дәлелдеңіз.
3. Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдылық компоненттері.
4. Педагогикалық процестің қозғаушы күштерін әңгімелеңіз.

1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44, 55-60

5.

Тәрбие формалары мен құралдары

1. «Қазіргі кездегі тәрбиенің мәні» тақырыбына ойтолғаныс.
2. Белгілі бір педагогикалық жағдаятқа тәрбие әдісін, құралын, формасын таңдаңыз.
3. Тәрбие жұмысының формалары көптүрлі болып келеді. Кестені толтыру арқылы оларға сипаттама беріңіз:

Тәрбие формалары
(тәрбиеленушілер санына байланысты)

жеке

топтық

көпшілік










Тәрбие формалары
(тәрбиелік әсер ету әдістеріне байланысты)

сөздік

көрнекі

практикалық










4. Тәрбие құралдары мен әдістері калай таңдалатындығын анықтаңыз.

1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44

6.

Ұжымдағы тұлғаны тәрбиелеу

1.​Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу үшін сауалнама таңдау. Социограмма негізінде сыныптың тәрбие механизміне әсер етудің педагогикалық міндеттерін айқындау.
2. Кеңес педагогтары (А.В:Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский) және қазіргі кездегі педагогтардың (Т.Е.Конников, Л.И.Новикова, А.В.Мудрик, Н.Е.Щуркова) еңбектерінде ұжым теориясының дамуына тарихи шолу жасаңыз.
3. «Жеке адам мен ұжымның қарым-қатынас моделі» сызбасын жасаңыз.

1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51

7.

Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекеті

1. Сынып жетекшінің негізгі қызметіне сипаттама беріңіз.
2. Сынып жетекші қызметі жайында әдебиет тізімі бойынша картотека дайындаңыз (7-10 карточка/аннотация)
3. Сынып жетекшісінің тәрбиелік жүйені құру бойынша іс-әрекетіне мультимедиялық көрсетілім дайындау.
4. ХХІ-ғасыр сынып жетекшісінің моделін құрастыру.

1-2, 4-7, 15, 17, 29-32, 34,42-48

8.

Дидактика оқытудың теориясы

1. Оқу мен оқытуға (сабақ беруге) сипаттама беріңіз. 
2. В.Ратке, Я.А.Коменский, И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, т.б. еңбектеріне сүйене отырып, дидактика дамуына қысқаша тарихи шолу жасаңыз.
3. Оқыту прициптеріне қысқаша сипаттама беріңіз.

9, 10, 11, 17, 25, 26,39, 66

9.

Оқытудың интербелсенді әдістері

1. Оқыту әдісінің әртүрлі анықтамаларындағы ерекшеліктер мен ортақ белгілерді көрсетіңіз.
2. Оқытудың интербелсенді әдістері мен түрлерін қарастырып, кесте түрінде әрқайсысына сипаттама беріңіз.
3. Оқытудың интербелсенді әдістерінің артықшылықтары, шарттары мен ережелері қандай?
4. «Оқытудың интербелсенді әдістері - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың басты құралы ретінде» тақырыбына баяндама дайындаңыз.

9, 32, 44, 62

10.

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

1. Сабақты ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жаңашыл-педагогтар жайлы көрсетілімдер дайындаңыз.
2. «Оқытуды ұйымдастыру формаларының жіктемесі» сызбасын құрастырыңыз.
3. Сабақ типтерінің түрлі көздердегі жіктеулерін салыстырыңыз.
4. Кестеде түсініктердің қай категорияға жататынын «+ «белгісімен белгілеңіз:

Түсінік

Оқу жұмысының формасы

Оқыту әдісі

Оқыту құралдары

Сабақ




Әңгімелесу




Жаттығу




Телеконференция




Компьютер




Мектеп дәрісі




Оқулық




Карта




Экскурсия




Диспут




Семинар




Демонстрация




Консультация




Әңгіме




Викторина 




5. «Оқытудың ұйымдастыру формалары» тақырыбы бойынша баяндама дайындаңыз.
6. Аталмыш тақырып бойынша мерзімді басылымдардан мақалаларға аннотация беріңіз.
Есеп түрі: аннотация мәтіні

9, 10, 11, 37, 46, 51

11.

Мұғалімнің сабаққа дайындалу технологиясы

1. Мұғалімнің сабаққа дайындалу кезеңдерін сипаттаңыз. 
2. Ю.А.Львованың мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстарын талдаңыз. 
3. “Мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы – оның педагогикалық құзыреттілігін жетілдірудің негізі» эссе жазыңыз.

1, 3-8, 11-12, 14, 16, 18-20, 28, 32, 36-44

12.

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау 

1. «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.
2. Жоғарыдағы тақырып бойынша ғылыми зерттеулерге талдау жасап көріңіз. 
3. Мерзімді басылымдардан оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тақырыбындағы мақалаларға аннотация құрастырыңыз.

5, 6, 9, 10

13.

Мектептің білім беру үдерісіндегі заманауи педагогикалық технологиялар 

1. Білім берудегі инновациялық үдерістердің мәнін ашып, олардың жіктемесі туралы сызба түзіңіз.
2. Педагогикалық технологиялардың түрлеріне сипаттама беріп және олардың дамуына қысқаша тарихи шолу жасаңыз.
3. “Оқу тиімділігі – озық технологияда» эссе жазу.
4. Ақпараттық және коммуникативтік технологияларды педагогикалық процесте қолданудың тиімділігін айқындаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер: [

1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39

14.

Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және аттестаттау

1. Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтерін сипаттаңыз.
2. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама беріңіз.
3. “Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін көтеру сапасындағы әдістемелік бірлестіктер мен кафедраның іс-әрекеті» тақырыбына мультимедиялық көрсетілім дайындаңыз.
4. Мектептің әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми-зерттеу және инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау жұмыстары қазіргі таңда қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жүргізіңіз.

1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39,41-58


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет