Шығармашылық жұмыс.
Интерактивті тақтада көрсетілген суреттерді қатыстыра отырып «Табиғат аясында» атты тақырыпқа әңгіме жазу ұсынылады. Оқушылардың шығармашылық шабытын аша түсуге олардың суреттегі әрекеттерді ұғынуы арқылы өзіндік «менін» көрсете алуы үшін және табиғаттың құпиясын ұғыну.
Тапсырма. (жұмбақтарды шешу).
1.Әдемі түнде, 3.Жылт – жылт еткен,
Мен жүрсем жүреді бірге Жырадан өткен.
(ай) (су)
2.Бір түкті кілем, 4.Бар ма жоқ па оны анық білмейсің,
Бір түксіз кілем Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(жер мен аспан) (ауа)
5.Көтеріліп теңізден, Биіктен қайта түскенде,
Аспанға биік барамын . Өні кірер даланың . (жаңбыр) Тыныштық сәті.
Балаларға осы тыныштық сәтінде күннің жылуын,құстың ұшуын, шөптің дыбысын,ағаш жапырақтардың сыбдырын,судың сылдырын,гүлдің жұпар иісін жалпы табиғат тынысын сезіну қажеттілігі түсіндіру мақсатында «тыныштық сәті»ұйымдастырылады.
Дәйексөз. «Табиғатқа тазалықты тарту ет».(Дәйексөздің мағынасын оқушыларға түсіндіру).
-Адам туылған күннен бастап табиғатпен бірге.Өйткені оның жерінде дүниеге келіп суын ішіп,ашық аспанда күн нұрына малынып,өсімдіктермен тынығып,жаңбыр – қарының қызығын көріп,еркін өседі.Табиғатта адамның сақтауымен ,қорғауымен, күтімімен дамып келеді. Демек олардың бір – бірінсіз өмір сүруі қиын.Егер табиғат таза болса адамның жаны, дені сау болады. Сондықтан да адам қолынан келген аяушылық сезімін табиғатқа деген ынта жігерін аямау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |