Жағдаятты талдау.
1 – жағдаят: Арман бақ ішінде келе жатыр еді,терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де тұрып қалды ... .
2 –жағдаят: Алмат достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Олар өздері жиі келіп тамашалайтын бұлақтың көзі қалдық шөптер, босаған ыдысқа және қоқыстарға бітеліп қалғанын көрдің, сен не істер едің? ... .
3 – жағдаят: Сынып жетекшісі сабақ соңында аулаға көшет және де гүлзар өсіру туралы ұсыныс айтқан еді, сынып балалары мақұлдады да,Жанат мақұлдамады.Не себепті ? ... .
Сахналау. Табиғаттың адам өміріне қажеттілігі туралы көріністі тамашалаңыздар.
Қатысушылар: Күн, ауа, су, жер, оқушы.
Ж.Бахытқызы : Ей, адамдар!Күн мен гүлден жаралған ыстық сезім, шуақ судан таралған ,
Тіршіліктің иесі – Жер Ананы тыңдаңыздар.
Ортаға Жер Ана шығады. Жер – Ана: -Балалар адамның денсаулықтан асқан байлығы жоқ.Сондықтан да өз денсаулықтарыңды табиғат емшілеріне де қаратуды ұмытпаңдар.Сендердің қазыналарыңда, байлықтарыңда менің бауырайымда.Сол мен үшін ата – бабаларымыз сан ғасырлар бойы қан төгіп,басын қатерге тікті десеңші.
Ортаға : Күн шығады. -Армысыздар жер бетіндегі тіршілік иесі мен жылуы мен жер бетін қыздырып, әр кеудеге қуаныш сеуіп, әр жүрекке күлкі болып енемін.Әр бір арайлап атқан күнмен бірге сендерге тыныштық,бейбітшілік тілеймін.
Ауа шығады: Сәлеметсіздер ме қонақтар! Мені сендер құшақтасаңдар да құшағың толмайды,менсіз адамдар бірде – бір өмір сүре алмайды,сондықтан да менің орным ерекше.
Су шығады.Армысыздар, халайық! Мен сендерге қонаққа келдім.Менің қасиетім – тазалық пен денсаулық кепілі. Тазалық бар жерде денсаулық та болады. Сусыз тіршілік жоқ менің де сұрауым бар,сондықтан да ластамай, бүлдірмей таза сақтағанды мен де жақсы көремін.
Г.Ержанова : Уа,Жер – ана , мөлдір су, таза ауа, алтын күн дені сау ұрпақтың қалыптасуына тағы не керек?
Жер – ана: денсаулығың мықты болу үшін тұрақты да мәнді күшің болуы керек.Яғни бойды тік ұстау дене жаттығуларын орындау,табиғи тағам ішу, дем алу, ақыл – ойды дұрыс қалыптастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |