Жаңа сабаққа кіріспе
7 мин
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Сабақтың мақсаты: Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөліп, ойларыңызды дұрыс жүйелеп,редакциялай аласыздар; белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,түрлендіріп қолдана білесіздер.
|
Сұрақ-жауап
Инустрия дегеніміз не?
Индустрияландыру деген не?
Индустрия не үшін керек?
Оқушылар жаңа сабақтың мақсатымен танысады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
ҰЖ.Айтылым №1
1.Мына суреттің тарихы жайлы не білесің?
2.Сурет кейіпкері қызмет жолын бастаған жер Қазақстанның қай аймағында орналасқан?
3.Онда қандай ірі кәсіпорындар бар?
4.Кәсіпорын мен ол тұрған қала атауының тарихы туралы не білесің?
5.»Шойынмен шыңдалған» дегенді қалай түсінесің?
|
№1. Оқушылар ұжым болып сұрақтарға жауап береді.
|
ҚБ.
Керемет!
Жарайсың!
|
|
|
Ж.Жазылым №2.
Түйіндеме
Белгілі бір қызметке тұру үшін жеке тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіби шеберлігі , біліктілігі жайлы қысқа да нұсқа мағлұмат беретін ісқағаздың бір түрі.
Түйіндеме визит карточкасы іспетті. Түйіндеме жазудағы мақсат: үміткердің өз өмірбаяны мен жұмыс тәжірибесін, жекебас қабілеттерін ұтымды көрсету арқылы таңдаған қызметіне қол жеткізу. Түйіндеменің сауатты рәсімделуіне де көңіл бөлу керек. Түйіндемеде мәліметтер ықшам әрі нақты берілуі тиіс.
Түйіндеменің мазмұндық – құрылымдық ерекшелігі – үміткердің еңбек өтілі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
|
№2. «Менің түйіндемем»
Осыдан 20 жылдан кейінгі кезеңді болжа. Сол кезде өзің қалаған қызметке орналасу үшін ұсынатын түйіндемеңді жаз.
|
|