Бағалау
|
|
Пәнаралық байланыс:
орыс тілі, тарих, математика.
|
Рефлексия:
1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
3.Оқыту ортасы қандай болды?
4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?
5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?
6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Үй жұмысын беру. 6-тапсырма, 21-22 бет
« Басбармақ»
Оқушылар бармақтарын көрсету арқылы сабақтағы көңіл -күйлерін, ұнағанын анықтайды.
|
Сабақ:
|
Шешім
|
Күні:.
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:9
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
9.О1. Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау.
9. А4. Сенімді және еркін жауап беру.
9. Ж5. Көркемдегіш құралдарды қолданып жазу.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: мәтіннің мазмұнын түсінеді, қорытынды жасай алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құра біледі.
|
Кейбір оқушылар орындай алады: өз ойларын еркін жеткізе біледі.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: мәтіндегі ақпаратты түсінеді.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: құрметте, қастерле, ұмытпа, өзге, болашақ.
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: өмір бойы,ана сүтімен,халақаралық байланыс, әлемдік деңгей, жарқын болашақ.
|
Бағалау критерийлері:
|
Оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Негізгі ақпараттарды анықтайды.
|
Дескриптор
|
- 3-5 жаңа сөз қолданады;
- 4-5сөйлем айтады;
-грамматикалық нормаларды сақтап, қорытынды жасайды.
|
|
|
Алдыңғы оқу
|
Тілге құрмет- елге құрмет
|
Жоспар
|
Өз тіліңді құрметте
|
Басы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық шеңберін құру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа бөлу. Қастерле, Құрметте.
Үй тапсырмасын тексеру.
« Ыстық орындық» әдісі
|
Ортасы
|
Сөзжұмбақ шешу.
Ана тілімізді қастарлеп, құрметтей білуіміз керек. « Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсейік.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1.Жаңа сөздер: құрметте-
қастерле-
ұмытпа-
болашақ-
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру.
Фонетикалық жаттығулар.Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс дыбыстау.
2. 3-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіну.
3. «Белсенді оқу» әдісі
Мәтін « Өз тіліңді құрметте »
Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Адам дүниеге келгеннен бастап, өмір бойы тілімен бірге тіршілік етеді. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен сіңеді.
Халықаралық байланыста әлемдік дейгейде қолданылатын 6 тіл бар.Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет. Бірнеше тіл білгеннен ешкім ұтылмайды.Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпаумыз керек. « Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсейік.
4.«Дара диаграмма» әдісі.
5.3-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіну.
6.1-тапсырма. Сұхбатты рөлмен оқу.
7.«Тіл » сөзін септеу.
« Болашақ » сөзін тәуелдеу.
« Құрметте» сөзін жіктеу.
8. « Поп корн » әдісі. Ережелер.
9.Қандай сөйлем?
Ана тілімізді қастерлей білейік және өз тілімізде еркін сөйлеуге ұмтылайық.
10. 5-тапсырма.Берілген сөйлемдердің ішінен ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді табу.
Барлық жақсы қасиеттер ана тілімен, ана сүтімен бойға сіңеді. Бала кезіңнен ана тіліңді әке-шешеңнен, ата- әжеңнен, достарыңнан үйренесің.
Әр адам өз ойын ана тілінде білдіреді және өз шығармасын ана тілінде жақсы жазады.
Тіл ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, мәңгілік тіршілік ете береді.
11. 7- тапсырма. Аталы сөздерді оқып, ойларын ортаға салу.
Қандай сөйлем екенін айту.
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары аяққа басады.
Ғ. Мүсірепов.
Анамыздың ана сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы.
|
|
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан мәңгілігінің мәңгілік мәселесі Ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.
Ғ. Мүсірепов.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б.Момышұлы.
|
Соңы
|
«Өз миыңды сал» әдісі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |