Сабақтың тақырыбы Тәуелсіздік таңы Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет96/151
Дата20.10.2022
өлшемі20,67 Mb.
#44345
түріСабақ
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151
Байланысты:
9 сынып қазақ тілі КМЖ

Тыңдалым алды тапсырма:
-БАҚ дегеніміз не?
.....................................
-Ақпарат құралдарын атаңыз?
......................................................
- БАҚ дегеніміз не?
.................................
- Қандай ақпарат көздерін білесіз?
..........................................................
Т
Бағалау критерийі:

  • -мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді;

  • - тыңдалған мәтіннің тақырыбын анықтайды;

  • - мәтіннің мазмұнына қатысты ақпараттың шынайылығын ажыратады;

  • - 3 шынайы ақпаратты мәтіннен іріктеп, себебін түсіндіріп, талдау жасайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: білу,түсіну, талдау.
Саралау. Ресурс бойынша бойынша саралау арқылы,
мәтіннің мазмұнын түсінгендігін, тақырыбын анықтағандарын, шынайы ақпаратты таба отырып, себебін топтар орындағанына байланысты саралау жұмысын жүргіземін.
2-тапсырма. «Баяндама»әдісі арқылы мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтіннің тақырыбын анықтап, 3 шынайы ақпаратты ажыратып, себебін айтыңдар.

Уақыт өте келе жаңа ақпараттарға қатынастағы сұраныстардың өсуі олардың жоғары жылдамдығын талап ете бастады. ХVIII-ХІХ ғасырларда бірқатар мемлекеттерде газеттер мен журналдарды басып шығару тарала бастады. Ал, бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі радио мен теледидар тек XX ғасырда ғана кең тарала бастады. Қазіргі күнде жер бетінде спутниктер арқылы теле және радиосигналдар қабылдамайтын нүкте жоқ деп айтуға болады. Компьютерлік желілердің дамуы ақпараттарды алу мүмкіндігі туралы түсініктерді мүлдем өзгертіп жіберді. Біз қазіргі күнде әлемнің ең шалғай жатқан елдерінен ақпараттарды бірнеше секундтта ала аламыз. Интернет мемлекеттердің шекараларына бағынбайтын және осы тұрғыда кез келген цензурадан жеңіл аттап өте алатын ғаламдық ақпараттық желіге айналды. Бір сөзбен айтқанда, баспасөз, теледидар мен раиотаратқыш құралдар қазіргі күндегі заманауи адамның маңызды компоненттеріне айналды.


Біз баспасөздің арқасында әлемде өтіп жатқан оқиғалар, ғалымдар ашқан ғылыми жаңалықтар, спортшылардың қол жеткізген табыстары туралы біле аламыз. Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни масс-медиа адамның мәдениет туралы түсініктерін мүлдем өзгертіп жіберді. Біз бүгінгі күнде жаңадан шыққан фильмдер мен театрларда қойылатын үздік премьераларды үйде отырып-ақ қарай аламыз. Теледидар біздің барлығымызға жер шарының ең алыс нүктелерінде орын алып жатқан оқиғаларды назарда ұстауға мүмкіндік береді. Әрине, кез келген нәрсенің екі ұшы болатыны тәрізді, бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының оңды тұстарымен қатар, бірқатар мәселелерді де тудырып отырғанын айта кету керек. Олардың ішінде келесілерін көрсете кетуге болады: — бұқаралық мәдениеттің кең таралуы, — әртүрлі адамдардың қалаулары мен мүдделерінің ұқсастануы, индивидуалдылықтың жоғала бастауы, — ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің ең үздік жетістіктерінің жоғалта бастауы, — белгілі бір қабылданған стереотиптік жүріс-тұрыстарды таңу мақсатында масс-медиа мүмкіндіктерін пайдалану. Мұның жарқын мысалы ретінде адамға күнделікті өмірде аса қажеті жоқ тауарлар мен қызмет көрсету түрлеріне назар аудартатын жарнаманы айта кетуге болады, — БАҚ қоғамдық пікірді алдап-арбау құралына айнала бастады. Бұған көптеген сайлау кампаниялары дәлел бола алады. Көптеген саяси басбұзарлықтар мен егестер нақты кандидатқа кір жағу үшін арнайы ұйымдастырылады. Осы орайда, тіпті дәлелденбеген және соңынан жоққа шығарылған ақпараттың өзі саясаткердің мансабына кері ықпал етуі мүмкін екендігін айта кеткен жөн.
Әрине, осындай олқылықтарға қарамастан БАҚ бүгінгі күнде қоғамның билік үстінен бақылау жасауындағы маңызды құралға айналып отырғанын айта кеткен жөн. Азаматтардың ақпараттарды алу мен таратудағы үлкен мүмкіндіктері мемлекеттердің демократиялық сипатының бірден-бір шартына айналды. Қазіргі күнде БАҚ өкілдерінің қоғамда туындап отыратын келеңсіз жағдайларды ашып көрсететін мақалалары мен түсірілімдерімен биліктің өзі санасуға мәжбүр болады. Біздің елімізде де қазақстандық журналистер мен баспасөз өкілдері ел өкіметінің, бір жағынан, ақпаратты алу және таратудағы демократиялық принциптер көрініс тапқан халықаралық және басқа да маңызды құжаттарды мойындайтынын басшылыққа алатындығын, екінші жағынан, өздеріне жақпайтын ақпарат құралдарының қызметін шектеудегі әрекеттерін айыптайтын алаңдаушылықтарын ашық білдіріп отырады. Мәселен, телеарналар мен радиожиіліктерге тендер өткізуді бұқаралық ақпарат құралдарын өз ықпалынан шығармау және өздеріне жақпайтын журналистерді ақпарат кеңістігінен аластату мақсатында билік тарапынан қолға алынып отырған заңсыз әрекет ретінде бағалауға болады.
Баспасөзді кейде «төртінші билік» деп атайды. Адамдар оны не үшін биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармацтарымен бір қатарға қояды? Сіз мұндай анықтамамен келісесіз бе? БАҚ-тың «билік функциясы» неден көрініс табады? (430 сөз)



Р/с

Шынайы ақпараттар

Себебі

1







2







3











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет