Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік – тұғырым»
Тәрбие сабағының мақсаты: 1. Оқушыларды Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Тәрбие сабағының барысы:Әнұран орындалады.
Мұғалім:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 4 «г» сыныбымен өтілетін «Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі. Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған тәуелсіздігімізге де мінеки, 31 жыл толыпты.
Ендігі кезекте «Тәуелсіздік» күніне орай оқушыларымыздың дайындаған өлең-шумақтарын тыңдайық.
1 – оқушы:Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле,
Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде.
Қарқындайды қариялар қашанда,
Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде.
2 – оқушы: Біз жас – ұлан отан өркені,
Үміт артқан болашағы ертеңі.
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлетіп жайнатамыз өлкені.
3 – оқушы: Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарын
Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?
4 – оқушы: Тәуелсіздік - бұл менің бостандығым,
Он алтыншы желтоқсан тосқан күнім.
Ұрпақ көрсін еркіндікті деп күрескен,
Алты алаштың баласы қосқан үнін.
Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Оны рәміздер деп атаймыз. Біздің Қазақстан Республикасының Әнұранының әнін жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар — Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Біз әнді орындаған кезде қолымызды жүректің тұсына қоямыз. Өйткені біз мемлекетімізді жүрегімізбен жақсы көреміз.
Тудың түсі — көк, тудың сол жақ жиегі қазақ халқының оюымен өрнектелген. Тудың ортасында сары түсті шұғылалы алтын күн. Алтын түспен сары түс байлықты, молшылықты білдіреді. Күннің астында бүркіт, қыран құс — еркіндік, бірліктің белгісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар.
—Балалар, бас қаламыз қай қала?(Астана)
Өте дұрыс айтасыңдар балалар! Осы рәміздерге байланысты ойын ойнайық. Ойынымыздың атауы «Бәйтерек» деп аталады. Шарты: Бәйтеректін сурет сұраққа жауап беру арқылы құрастырып шығасыңдар.
Отан деген не? (Отан деген менің үйім, туған жерім)
Отан деген – Атамекен
Отан – Ана
Балалар тақтада қандай сурет бейнеленген? (Бәйтерек)
Бәйтерек қай қаламызда орналасқан? (Астана)
Біздің Республикамыз қалай аталады? (Қазақстан)
Сергіту сәті:«Мейірімді сөздер» Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Әнұранымыз, Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз бар. Егемендік үшін қан төккен аға - апаларымыздың ерлігін мәңгі есе сақтайық.
Сабаққа қатысқан оқушыларыма шағын сыйлығым бар.
Осымен біздің тәрбие сағатымыз тәмәм.