Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.
Балалар, біз бүгін «Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала». Алданған арман» тақырыбында сабақ өткізетін боламыз. Сабақ барысында оқу мақсатына негізделген әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап, шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, эссе жазатын боламыз.
1-тапсырма. Тыңдалымалды тапсырма. Шығарма үзіндісін тыңдаңдар.
Тыңдалым тапсырмасы.
https://youtu.be/vWsbWj7QMpg
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
Үзінді бойынша оқиғаларды рет-ретімен орналастырыңдар:
Кешкі шай кезінде Сержанның Есмағамбеттің жанында болуы.
Әжесінің айтқанын құлағына ілмеуі.
Сержанның ұйықтап қалуы.
Есмағамбеттің Сержанды алып кеткісі келгені туралы айтуы.
Балмағамбет пен Мейіркүлдің қарсы болуы.
Жеміс ағаштарының арасында серуендеуі.
Сержанның әдемі үнін естуі.
Таңғы шай кезіндегі Сержанның Есмағамбеттің жанында отыруы.
Сержанның Есмағамбеттің жанынан шықпай қоюы.
Алматы әкетпей-ақ қой деп айтуы.
Сержанның Есмағамбеттің көзіне қарамай, көзін алып қашып тұруы.
Оқушылардың жазған жұмыстарын тексеру, бағалау, кері байланыс жасау.
2-тапсырма. Жазылымалды тапсырма. Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап, көтерілген мәселені тауып, бүгінгі өмірмен байланыстырыңдар.
Дескриптор:
-Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;
- Көтерілген мәселені табады;
-Бүгінгі өмірмен байланыстырады.
Жазылым тапсырмасы.
Тақырыбы
|
Идеясы
|
Көтерілген мәселе
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |