Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аурулары тұмау, өкпе туберкулезі-ауа арқылы берілетін аурулар. Кох таяқшасы-туберкулездің қоздырушысы. Өкпе рагы. Тыныс алу гигенасы. Жасанды тыныс алдыру. Сабақтың мақсаты


III. Жаңа сабақ түсіндіру. (слайдпен) (9мин)



бет3/4
Дата18.05.2022
өлшемі32,32 Kb.
#34958
түріСабақ
1   2   3   4
III. Жаңа сабақ түсіндіру. (слайдпен) (9мин)
Өкпені жарақаттайтын ауру – туберкулез. Туберкулез (латынша «tuberculum» - төмпешік) – микроскоппен ғана көрінетін туберкулез таяқшасы микробы қоздыратын жұқпалы ауру. Туберкулез таяқшасы адам ағзасында өте тез көбейеді. Ағзадан тыс жерде көбеймейді, бірақ қараңғы, ылғалды, жылы жерде ұзақ сақталады. Даладағы шаңның ішінде 3-14 күнге дейін тіршілік етеді. Туберкулез ауруы ұлпаларды жансыздандырады. Өкпе қатайып беріштенеді. Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы 37-37,7 градусқа дейін көтеріңкі болады. Тамаққа тәбеті тартпайды, жөтеледі, ұйықтағанда терлей береді, қаны азайып, жүдейді, қан түкіреді.
Күтіну шаралары: витаминді, қуатты тамақ ішу; бойды таза ұстау; таза ауада көп серундеу; дәрігер белгілеген дәрілерді уақытында ішу.
Мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының қабынуын тұмау  деп атайды. Тұмау – бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең тараған қауіпті жұқпалы ауру. Асқынғанда басқа аурулардың тууына себепші болады. Аурудың дене қызуы көтеріледі, түшкіреді, жөтеледі, тамақтың иісін, дәмін сезбейді. Иіс, дәм сезу мүшелеріне қатты әсер етеді. Мұрын қуысындағы капилляр қантамырларының қабырғалары кеңейіп, кілегейлі қабықшадан сұйық заттар көп бөлінеді. Тұмаумен ауырғанда гигиенаны сақтау керек: а) ыдыс-аяқ, төсек-орынды бөлектеу; ә) бөлмені ауық-ауық тазалау; б) желдеткішті ашып, таза ауа кіргізу; в) жатып демалу және т.б.; г) терең тыныс алу; д) спорт, дене шынықтыру, дене еңбегімен шұғылдану.Ұзаққа созылатын тұмау сырқатты әртүрлі әсерден де (мысалы, даладағы шаң, түтін, улы заттар, бұлт және ауарайының түрлі құбылыстары) болады. Сонымен қатар, тұмауға зат алмасудың дұрыс болмауы мен дәрумендердің жетіспеуі де себеп болады.Тынысалу мүшелерінің ауруларына туберкулез бен тұмаудан басқа ауа тамырларының, өкпенің қабынып, тыныс демікпесі, мұрын қойнаулары, жұтқыншақ, көмекей аурулары (синусит, тонзиллит, фарингит) жатады. Бұл аурулармен ауырған адмдар тез арада дәрігерге көрініп, тек дәрігер емдеуі тиіс.Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше. Оның себебі мұрын қуысындағы толып жатқан иірімдер болады. Олар ауаны жылытады және ауадағы микробтарды ұстап қалады. Суық күндері суық тиіп аурудан сақтайды. Ауызбен тыныс алғанда суық ауадан тістьің кіреукесі бұзылады. Сондықтан мұрынмен тынысалу тісті бұзылудан, түрлі тынысалу мүшелерінің ауруларынан қорғайды.
Темекі шегудің тыныс мүшелеріне зияны. Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 200-ден астам улы заттар болады. Ең басты темекінің түтінінде өте улы зат – никотин бар. Бұл заттар сілекейде еріп, асқазанға түседі де, оның кілегейлі қабығын жарақаттайды. Темекі түтіні тыныс жолының кілегейлі қабығын қабындырады, сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған сілемейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді. Сондықтан темекі шегетін адамдар көбінесе суық тиіп, тағы басқа ауруларға тез шалдығады. Темекіні күніне жиырмасын тартқан адам 90 милиграмм шамасында никотин жұтады. Темекі түтінінде болатын күйе (сажа) мен қара май (деготь) ұсақ бронхиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Өкпе ағзаны оттекпен толық қамтамасыз ете алмай газ алмасу бұзылады, қан тамырлары тарылады. Бұл ауатамыр ауруына өкпе, пәле (рак) ауруларына шалдықтырады. Өкпедегі пәле (рак) ауруымен ауырғандардың 97% - і темекі шегетіндер. Бұған себеп – тыныс мүшелерінде темекіні ұзақ шеккенде көпке дейін жазылмайтын жараның пайда болуы. Неғұрлым адам өте ерте – бала кезінен темекі шегумен айналысса, соғұрлым рак ауруына жиі шалдығатыны ақиқат. Және темекі шеккендердің өмірі қысқа болады. Темекінің түтініндегі радиоактивті заттар ағзаға жиналады. Күніне бір қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды. Сонымен қоса, орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Көп мөлшерде болса, адам үшін өте қауіпті, өліп кетуі де мүмкін. Темекі, әсіресе жас ағзаны тез уландырады. Жас достар! Темекіге әуестенбеңдер!

Тынысалу аурулары туралы видеоролик көрсетіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет