Сабақтың тақырыбы: Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері



бет1/6
Дата16.01.2023
өлшемі31,11 Kb.
#61505
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері




Өндірістік оқу бойынша сабақ жоспары.


Өтетін күні:___________201___ж. Топ №___


Сабақтың тақырыбы: Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері.

а) Білімділік: Түйнекжемісті және тамыржемісті көкөністерді өңдеуге және турау тәсілдеріне үйрету.


ә) Дамытушылық: Шикізатты үнемдеп және жабдықтауларды ұқыпты пайдаланып техника қауіпсіздік ережелері мен санитарлық нормаларды сақтауға, өздерінің қатерлерін талдап, үйренуге баулу.
б) Тәрбиелік: Таңдап алған мамандығын бағалай білуге, жауапкершілікке, жолдастарына көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың өтетін орны:Аспаздық зертханасы
Сабақты әдісі: Топпен жұмыс
Сабақтың түрі: Біріктірілген.
Пәнаралық байланыс: Азықтық өнімдердің тауартануы, тағам дайындау технологиясы, тамақтану иен санитария, физиология негіздері.
Қолданылатын әдебиеттер: «Аспаздық» Г.Е.Бесімбаев, Е.Б.Бесімбаева «Фолиант» 2007ж. 9-20 бет
Көрнекілік құралдар: Нұсқау карталары, слайдтар, макеттер, бейнематериалдар
Құрал жабдықтар: ыдыс- аяқтар, маркіленген пышақтар, маркіленген тақтайшалар, және т.б
Өнім: картоп, сәбіз
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут
1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру.
2. Оқушылардың техника қауіпсіздік талаптарына сәйкес киінулеріне назар аудару.


ІІ.Кіріспе нұсқау: 40-45 минут
1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Біздін сабағымыздың тақырыбын білу үшін мен сіздерге бірнеше жұмбақ жасырғым келіп тұр: (слайд 1)

  1. Жаздай інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні
Әкелді әжем бір күні
Құйрығынан суырып (сәбіз)



  1. Жер астында басы бар

Жер үстінде шашы бар (қызылша)

  1. Үстіне тігіп көк шатыр ,

Астында қызғылт дәу жатыр . (Қызылша)



  1. Формасы бар домалақ,

Көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ. (Картоп)

Бүгінгі біздің өндірістік сабағымыздың тақырыбы- «Түйнекжемістілер мен тамыржемісті көкөністерді өңдеу және турау тәсілдері» деп аталады. (слайд 2 )


Сабақтың мақсаты: (слайд 3 )

  1. Түйнекжемісті және тамыржемісті көкөністерді өңдеуге және турау тәсілдеріне үйрету.

  2. Шикізатты үнемдеп және жабдықтауларды ұқыпты пайдаланып техника қауіпсіздік ережелері мен санитарлық нормаларды сақтауға, өздерінің қателерін талдап, үйренуге баулу.

  3. Таңдап алған мамандығын бағалай білуге, жауапкершілікке, жолдастарына көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Көкөністер адам ағзасы үшін зор пайдасы бар олар адам ағзасындағы асқорыту процесін жақсартады, қышқылды-сілтілік орта тепе –теңдігі мен сұйықтық алмасуды қолдап отырады. Бірден бір негізгі витамин көзі болуы мен қатар, олар көмірсуларға, минералға, хош иісті (ароматты) және тәтті заттарға бай. Көкөністер тағам ретінде, сонымен қатар балық, ет тағамдарына гарнир ретінде беріліп, олардан салаттар және тұздықтар дайындалады.


Бүгінгі өндірістік сабақта топ екі бригадаға бөлінді:
1 бр- Давлеткалиева Ж (бригадир), Каримова А, Сундетова Ш, Пипко А, Уразгалиев Рустам
2 бр-Талапова А (бригадир), Аухатқызы Г, Ерекешева Д, Кузбакова Ж, Насиев Н, Уразгалиев Рустем.
Әр бригадир сабаққа қатысуына, жеке бастарының гигиенасына, оқу құралдарының толығына, сабаққа белсенді қатысуына және жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақталуына жауап береді. (слайд 4 )
Әр бригадаға үй тапсырмасы берілді. 1 бр- «Тамыржемісті көкөністер», 2 бр- «Түйнекжемісті көкөністер» туралы мінездеме беру. (слайд 5, 6 )
Үй тапсырмасын тексеру (оқушылар қорғайды).

Көкөністердің сапасын органолептикалық әдіспен: түсіне, иісіне, дәміне, консистенциясына қарап анықтайды. (слайд 7 )


Картопты механикалық- аспаздық өңдеуді механикалық, химиялық және термиялық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Олардың ішінде көп тарағаны механикалық тәсіл.
Көкөністерді механикалық – аспаздық өңдеу келесі әрекеттерден тұрады:

  1. Іріктеу

  2. Сұрыптау

  3. Жуу

  4. Тазарту

  5. Турау

  1. Мөлшеріне қарай іріктеу механикалық өңдеу кезінде керексіз шығынды азайта отырып, белгілі бір тағамды дайындауға көкөністі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет