Трансляция Трансляция— полипептид тізбегінің гендегі аРНҚ негізінде ақпаратқа сай түзілуі. Трансляция болашақ белокқа тән аРНҚ-на жазылған нуклеотидтер кезегін түзілетін белоктардың амин қьішқылдарының кезегіне айналдырады. Бұл жұмысқа аРНҚ-нан басқа рибосомалар, тРНҚ, аминоацил синтетазалар, белоктан тұратын инициация, элонгация және терминация факторлары қосылған күрделі құрамдар қатынасады.
Трансляция – рибосомадағы нәруыз биосинтезі үдерісі. Ол цитоплазмаға немесе бұдыр ЭПТ-ға түскен аРНҚ-ға рибосоманың «орналасуынан» басталады. Рибосоманың үлкен және кіші суббірліктері ядрода болады. Олар рибосомалық деп аталатын және рРНҚ деп белгіленетін РНҚ-ның ерекше түрінен тұрады. Сонымен қатар рибосома құрамында, хромосомадағы сияқты нуклеин қышқылдарынан басқа нәруыздар да болады. Рибосоманың суббірліктері ядроны жеке-жеке тастап кетеді. Бірақ олар ақпараттық РНҚ-да оңай қосылады. Енді нәруызды қалай жасау керектігі туралы «жоспар» бар, ол – аРНҚ. Нәруызды рибосома немесе рРНҚ (аминқышқылдарын байланыстыратын) жасайды. Тек рибосомаға «құрылыс блоктары» – аминқышқылдарын ғана беріп тұру қалды. Бірақ кәдімгі «кірпіштен» айырмашылығы – аминқышқылдары бірдей емес. Олардың 20 түрі бар және тұқымқуалаушылық ақпарат – нәруыздағы аминқышқылдарының дұрыс реті. Аминқышқылдарын тасымалдау және орналастыру үшін арнайы молекулалар – тасымалдаушы РНҚ – тРНҚ бар. Пішіні бойынша тРНҚ үш бірдей «жоңышқа жапырағына» ұқсайды. Арнайы фермент аминқышқылдарының тРНҚ-ға қосылуын катализдейді. тРНҚ-ның қатаң белгілі бір молекуласына тек қатаң белгілі бір аминқышқылдары қосылады. тРНҚ-да аРНҚ-дағы өз орнын танитын маңызды құрылым бар. Ол антикодон деп аталады және «ортанғы жоңышқа жапырағының ұшындағы» үш нуклеотид болып табылады. Олар кодонға – аРНҚ-ның үш нуклеотидіне комплементарлы. Кодон мен антикодон комплементарлық қағидасы бойынша сутектік байланыспен байланысады. Егер кодонда ГУЦ негізі болса, онда антикодонда (ортанғы нуклеотидтер арасындағы қос сутектік байланысы және екі жағынан үштік байланыс арасында қос сутектік байланысы бар) ЦАГ болады. Ақпараттық молекулаға түсіп, рибосома ішінде тРНҚ кодон-антикодон жүйесінде сутектік байланыс түзеді. Рибосоманың қызметтік орталығы өзінде 2 тРНҚ және сәйкесінше 2 аминқышқыл қасында болу үшін тек аРНҚ-ның 6 нуклеотидін ұстап тұрады.
Енді рибосома полимеризация реакциясын катализдеп, аминқышқылдарын байланыстырады. Бір аминқышқылының карбоксил тобы мен басқа аминқышқылының аминтобы байланысып, су молекуласы босап шығады. Әрбір екі аминқышқылының арасында бір пептидтік байланыс түзіледі. Содан кейін рибосома қадам жасайды, яғни аРНҚ бойынша тағы 3 нуклеотидке орын ауыстырады. Босаған тРНҚ аРНҚ-дан ажырап, жаңа аминқышқылына барады. аРНҚ-ның кезекті кодонына нәруызға орналастыру үшін аминқышқылын әкелген тРНҚ антикодоны қосылады.
Осылай рибосома эукариоттарда аРНҚ-ның соңына жеткенше, ал прокариоттарда (егер олардың аРНҚ-да бірнеше гені болса) ген таусылғанша қайталанады. Соңғы аминқышқылына су молекуласы қосылады да, рибосома синтезделген пептидті босатады.
Трансляция – нәруыз биосинтезі жасушаның қандай типінде жүретіні маңызды емес. Ол рибосомада полипептидтік тізбектің синтезі, яғни аминқышқылдарының ДНҚ-да жазылған және аРНҚ түрінде көшірілген ретпен қосылуы.
IV. Сабақты бекіту «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты бекіту
V. Бағалау Сабақ барысында көп балл жинағандарына қарай тиісті бағаларын алады.
VІ. Үйге тапсырма: Транскрипция. Трансляцияның кезеңдерін сипаттау. 1. Бүкіл нәруыз биосинтезі үдерісін барлық қатысушыларды көрсетіп, сызба түрінде бейнелеңдер. Оларды нөмірлердің астына орналастырыңдар.
1) аРНҚ; 2) тРНҚ; 3) рибосоманың кіші суббірлігі; 4) рибосоманың үлкен суббірлігі; 5) стоп-кодон; 6) №1 аминқышқылы және №2 аминқышқылы; 7) кодон; 8) антикодон; 9) өсіп жатқан пептид; 10) су молекуласы.