1.Тақырыппен, сабақ мақсатымен және күтілетін нәтижемен таныстыру.
Анықтама.Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция деп аталады
ABCD трапеция, AD // BC
1 –сурет
AD мен ВС трапеция табандары деп, ал параллель емес қабырғалары бүйір қабырғалары деп аталады, АВ мен CD бүйір қабырғалары болып табылады.
Трапецияның бүйір қабырғалары тең болса, ол теңбүйірлі трапеция деп аталады.
–суретMNKF теңбүйірлі трапеция
Егер трапецияның бір бұрышы тік болса, онда ол тікбұрышты трапеция деп аталады.
3 –суретDEFK тікбұрышты трапеция
Трапецияның төбесінен табанына түсірілген перпендикуляр оның биіктігі деп аталады. 2-суреттегі MNKF трапециясында ND ﬩MF , ND кесіндісі N төбесінен MF табанына түсірілген биіктік болып тұр. Трапецияның қарсы жатқан төбелерін қосатын кесінді трапецияның диагоналі деп аталады.4-суреттегіDEFK трапециясында EK мен DF диагональдар болады.
Теңбүйірлі трапецияның кейбір қасиеттері
1-қасиет. Теңбүйірлі трапецияның табанындағы бұрыштары тең болады.
2-қасиет. Теңбүйірлі трапецияның диагональдары тең болады.
|