(G) Топтық жұмыс. Эксперименттік тапсырма (тапсырма топтарға беріледі. 1 тапсырма: Тұрақты магниттік басқа материалдан жасалған денелерге әсерін бақылап көрейік. Ол үшін: тұрақты магнит пен әртүрлі материалдан жасалған денелер қажет. Біздің үстеліміздің үстінде өшіргіш, түйме, қағаз, қарындаш, шеге, бекіткіштер бар.
Магнитті алып, сол денелерге жақындатыңыз.
- Барлық денелер тұрақты магнитке тартылды ма?
Қорытынды: Магниттің негізгі қасиеті тек металл және болат денелерді ғана тартады, ал барлық денелер тартыла бермейді.
2 тапсырма : Келесі тапсырманы орындау үшін бізге жазық магниттер керек.
- Екі магнитті алыңыз. Олардың аттас және әр аттас полюстері арасындағы байланысты бақылап көріңіздер. Магниттің көк ұшына келесінің көгін жақындатыңыз, не бақыладыңыз? Қызыл ұшына көкті жақындатыңыз, не бақыладыңыз? Қандай қорытынды жасайсыз?
Қорытынды: Магниттің аттас полюстері бірбірінен тебіледі. Магниттің әр аттас полюстері бір-біріне тартылады.
3 тапсырма. Магнитке қағазды қойыңыз. Ақырындап темір ұн-тағын себіңіз. Алынған бейнені дәптерге салыңыз.Екі магнитті бір-біріне жақындастыру арқылы магнит өрісінің сызықтарын бақылаңыз:
Жұмыстың максаты: тұрақты магниттің полюстеримен танысу және әр турлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарының түзілетінін көрсету.
Керекті құралдар-жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы, қағаз стақан.
Жұмыс барысы: Темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішіне магнитті енгізіңдер
Магнитті шығарып алып, оның әр жеріне темір ұнтақтарының қалай тартылғанына назар аударыңдар.
Темір ұнтағының көп жабысқан орындарын белгілеп, суретін салыңдар.
Екі жолақ магнитті бір-біріне әр түрлі ұштарымен жақындатыңдар. Бақылағандарыңды айтып беріңдер.