Сабақтың тақырыбы: Тұрақты токтың магнит өрісі



бет2/2
Дата06.10.2023
өлшемі3,86 Mb.
#113045
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Тұрақты токтың магнит өрісі.Магнит тізбегі.

1.1 Магнит тізбегі
Магниттік тізбек — магниттік ағын өтетіндей болып жалғанған магнетиктер тізбегі; құрамы ферромагнетик заттардан тұратын құрылғылар жиынтығы. Техникада магниттік ағын тек ферромагнетиктерден ғана өтетін (тұйық Магниттік тізбек) Магниттік тізбек және ферромагнетиктерден басқа диамагнетиктерде (мыс., ауа қабаты) таралған Магниттік тізбектер де бар. Егер Магниттік тізбектегі магнит ағыны тұрақты магнит арқылы қоздырылатын болса, мұндай тізбекті поляризацияланған Магниттік тізбек, тұрақты магнит қатыспайтыны — бейтарап Магниттік тізбек деп аталады. Соңғы тізбектің магнит ағыны тізбек орамдарынан өткен электр тогының әсерінен ғана туады. Қоздырылатын ток сипатына қарай Магниттік тізбек тұрақты, айнымалы және импульстік магнит ағындар тізбектеріне ажыратылады. Магниттік тізбек электр машиналары, трансформатор, тұрақты магнит, электрмагнит, электр өлшеуіш приборлар, т.б. жасау ісінде пайдаланылады.
1.2 Магнит өтімділігі
Магнит индукциясы тек токтың шамасының ғана емес, магнит өрісі туып тұрған ортаның да қасиетінен де тәуелді.Ортаның магниттік қасиетті абсалют магнит өтімділігімен сипатталады (ол  әріпімен белгіленеді).
Магнит өтімділігнің өлшем бірлігі Ом с/м Гн/м, мұндағы Ом с генри (Гн) деп аталады.
Магнит өтімділігі үлкен болатын ортада, электр тогы, индукциясы үлкен магнит өрісін тудырады.Тәжірибенің қортындыларына қарағанда, ферромагниттік материалдардан (мір, никель, кобальт және оның қорытпаларынан) басқа ауаныңжәне барлық заттардың магниттік өтімділігінің мәні вакуумнің магнит өтімділігің мәніндей болады.
Вакуумнің абсолют магниттік өтімділігін магнит тұрақтысы деп атайды.Оны  белгілейді және оның мәні   4 Гн/м.
Қандай да болмасын заттың  а магнит өтімділігінің  вакуумнің магниттік өтімділігіне қатысын ( ) заттың салыстырмалы магнит өтімділігі деп аталады:

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:
Магнит өрісі дегеніміз не?
Магниттік тізбек дегеніміз не?
Магнит өтімділігінің өрнегін жазыңыз
Рефлексия:
1.Бүгінгі жаңа сабақ сендерге қандай әсер қалдырды?
2. Не білемін,Не білдініз, не білгініз келеді?
Үйге тапсырма.
Магнит өрісі туралы мәлімет айту
Жұмыс орнын жинақтау.
Өткен сабақ орнын жинақтау, тақтаны сүрту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет