Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
VideoPad редакторында видеоны өңдеу барысында қажет емес бөлігін кесіп алып тастауға болады.
Көрсетілім.
Арнайы тақырыптарға видео қалай жасауға болады?
Ол үшін арнайы тақырыпқа қатысты суреттерді немесе Интернеттен дайын ақпараттарды бумаға жинақтап алған тиімді.
VideoPad редакторында Файлды кіпістіру батырмасы арқылы суреттерді кірістіріп орналастырамыз. Мәтіндік әсерлер, аудио әсерлер, видео әсерлер, ауысуларды пайдаланып, тақырыпқа қатысты мәтіндер мен өлең шумақтарын жазуға болады. Сонымен қатар өз даусымызбен дыбыстар жазуға немесе Интернеттен арнайы дыбыстар, әуендер жүктеуге болады.
VideoPad реадкторында видеожазбаны сақтау үшін Жобаны сақтау (Сохранить проект) командасын орындаймыз.
Жобаны ....ретінде сақтау (Сохранить проект как) терезесіне видеожазбаға атау беріп, сақтау батырмасын басамыз. Файлдың кеңейтілімі .vpj болады. Бірақ мұндай типті файлдардағы видеожазбалар басқа компьютерлерде ашылмай қалуы мүмкін. Соныдқтан видеожазбаны .mp4, avi форматында сақтау қажет. Сонда кез келген компьютерде дұрыс ашылады.
Жеке жұмыс.1-тапсырма.
«Қыс қызығы» тақырыбына видео құрып, оған дауыс жаз Видеоны өңде. Видеоны бумаға сақта.
Дескриптор:
- VideoPad редакторды іске қосады;
-берілген тақырыбына видео құрастырады;
-видеоға дауыс жазады;
-виодеоны өңдейді;
-видеоны бумаға сақтайды.
ҚБ: «Стикер» әдісі
Топтық жұмыс. 2-тапсырма.
«Талдап, салыстыр» әдісі
Өңделген видео
|
Өңделмеген видео
|
|
| Дескриптор:
-өңделген видео мен өңделмеген видеоны талдап, салыстырады.
ҚБ: «Стикер» әдісі
|
Мұғалімді тыңдайды
Жұмыс дәптерге командаларды жазады
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
|
Стикер
Стикер
|
Интербелсенді тақта
Компьютер
Интернет желісі
|