Сабақтың тақырыбы: X ғасыр XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер



бет13/23
Дата25.11.2022
өлшемі378,75 Kb.
#52668
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
6 сынып-2 тоқсан-қаз тарих

Тапсырма-№1 «Сәйкестендір»
Жаңа ұғымдармен жұмыс
Тілдік оқу мақсаты жүзеге асады
Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Оқушылар «жұбыңды тап» тапсырмасы бойынша Дешті қыпшақ,яланкуг половшылар, дурут,йетиоба,тоқсоба, бөрілерұғымдарын тиісінше мағынасымен сәйкестендіреді.
Дешті Қыпшақ – Қыпшақтар даласы;
Яланкуг – құл;
Половшылар – далалықтар;
Дурут – төрт тайпа;
Йетиоба –жеті тайпа;
Тоқсоба – тоғыз тайпалы;
Бөрілер – ең беделді тайпа;
Қысқаша шолу.
Қыпшақ хандығы туралы ақпаратты баяндау.
«Қолдану» дағдысына негізделген
тапсырма-№2.Картамен жұмыс.
(Оқушылардың берілген ақпаратты қаншалықты игергенін анықтау үшін контур карта таратылып, оларға Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақ аумағын, оның орталығын және Дешті-Қыпшақпен шекаралас мемлекеттерді белгілеу тапсырылады.Контур картада орындалған оқушылар жұмысы мұғалімге тапсырылады
Оқу мақсаты:
X – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру;
«Сыни ойлау мен талдау» дағдысына негізделген
тапсырма-№3.Мәтінмен жұмыс.
қыпшақтардың қоғамдық-саяси жағдайы, этникалық құрылымы, шаруашылығы мен тұрмысы туралы талдау тапсырмасы ұсынылады (ықшамдалған мәтін таратылады)..
Оқу мақсаты:
Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау
Күтілетін жауаптар:
1-қыпшақтардың ірі екі этникалық топтан тұратындығын, олардың ішінде елбөрілі мен тоқсоба руларының басқаларынан артықшылықтары болғандығын айтады. Халқы көп әрі түркі тілдес ру-тайпалардың бірлестігі болған деген қорытынды жасайды.
2-Қыпшақ мемлекетінің әкімшілік құрылымының пирамидасына билеуші ақсүйек топтарының өкілдерін - хандар, тархандар, басқақтар, бектер мен байларды орналастырып, иерархиялық жүйесі болғандығын көрсетеді. Қарапайым халықтың құқығының шектеулі және құлдардың ешқандай құқығы болмағандығын түсіндіру арқылы қыпшақ қоғамының бай және кедей таптарға бөлінген, феодалдық мемлекет болғандығы туралы қорытынды жасайды.
3-Қыпшақтардың шаруашылығы мен кәсібі туралы мәтіндерден қыпшақтардың ерекшеліктеріне дәлелдер келтіріп, олардың мал шаруашылығымен жәнеегіншілікпен айналысқандығын түсіндіреді).

Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды


Дескрипторлары:
Дешті Қыпшақ аумағы, оған көршілес мемлекеттерді (Қарақытай мемлекеті, Хорезмшах мемлекеті, Византия империясы, Киев Русі, Венгрия);
Батыс және Шығыс Дешті аумағын (Қара теңізден Еділге дейін, Еділден Алтайға дейін);
Сол және оң қанат орталықтарын (Сол қанат-Сығанақ, оң қанат -Орда)


Дескрипторлары:
Қыпшақтардың этникалық құрылымын талдайды (кем дегенде 2-ерекшелігін табады)
.Қыпшақтардың қоғамдық-саяси жағдайын талдайды (кем дегенде 3 ерекшілігін табады)
Қыпшақтардыңшаруашылығы мен тұрмысын талдайды (кем дегенде 2ерекшелігін табады)



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»

Сабақтан соң тексеріп, кері байланыс беріледі.


«Алақан-жұдырық»


«Жұлдызшалар»



Ежелгі Қазақстан. Балалар энциклопедиясы. –Алматы: «Аруна», 2002 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет