Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
|
Бөлім:
|
6.2X ғасыр - XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 7
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы Қазақстан аумағындағы саяси процестер.
Зерттеу сұрағы: X ғасыр - XIII ғасырдың басында саяси карта қаншалықты өзгерді?
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
6.3.1.3 X ғасыр - XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау
6.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
X-XIII ғасырларда қоғамдық өмірдегі орын алған өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
Миға шабуыл. Ерте орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттердің ыдырау себептері неде еді? Дамыған орта ғасырлармен қандай сабақтастықты байқаймыз?
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
|
мадақтау
|
карта
|
Жаңа білім
|
Сабақтың зерттеу сұрақтары:
Ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептері қандай?
X – XIII ғғ. ислам діні қоғамдық өмірге қандай өзгерістер әкелді?
Зерттеу мен талдау
БСыныпқа ортақ тапсырма беріңіз («Сәйкестік аймағында» жұмыс жасауға беруге болады).
1-тапсырма:
Х-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген мемлекеттердің ортақ ыдырау себептері қандай? Себептерді негізгі және қосалқы себептерге жіктеңіз. Тапсырманы түрлендіру мақсатында қысқа және ұзақ мерзімді себептерге жіктеуге, маңыздылығы бойынша орналастыруға беруге болады.
2-тапсырма. (Ж/Д) Х-ХІІІ ғасырларда қоғамдық өмірде орын алған өзгерістерді анықтаңыз.
Оқушыларға суреттерді тарату немесе презентация арқылы көрсету. Берілген суреттер (иллюстрациялар) негізінде X – XIII ғ. болған өзгерістерді болжау. (ұсынылған суреттерді шығарып, таратуға болады)
Әр топ өздерінің жобасын сынып алдында қорғайды.
Тапсырманың соңында оқушылар мұғалімнің көмегімен келесі өзгерістерді анықтаулары тиіс:
1. Дамыған, феодалдық-патриархалдық мемлекеттердің пайда болуы.
2. Жаппай отырықшылықтың етек алуы (көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара әсері).
3. Орта ғасыр қалалары санының өсуі.
4. Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.
5. Исламның таралуы.
|