Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
|
Оқушылармен сәлемдесу.
Көңіл күйдерін, жаңалықтарын сұрап, ынтымақтастық атмосферасын құру.
Ой қозғау- сабақ стартері.
Химиялық реакция дегеніміз ..............
Химиялық реакция жүргенін біз келесі белгілерінен білеміз: .....................................................................................................
Жану реакциялар ....................бөлінуімен жүреді
Фотосинтез реакциясы энергия ...................... жүреді
Сонда энергия өзгерісіне қарай химиялық реакциялар қандай түрлерге бөлінеді?
Энергия (жылу) бөлетін - экзотермиялық реакциялар +Q
Энергия (жылу) жұтатын – эндотермиялық реакциялар -Q
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Слайд
№1-15
http://bilimland.kz
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Видеоматериал көрсету. Мұғалім түсініксіз ағылшынша сөздерді айтады.
Видеоматериалдар бойынша сұрақтарға жауап беру:
Экзотермиялық реакцияларға мысал келтіріңдер.
Эндотермиялық реакцияларға мысал келтіріңдер.
Қандай құбылыстар экзо эндо деп бөлінеді?
Видеоны қайтадан қосып экзо және эндотермиялық реакциялардың графиктерін салыңдар.
|
|