Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
|
Ұйымдастыру кезеңі
p( г/мл. г/см3, D =Mr1 / Mr2
шамалар нені білдіреді?
Сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаттары нақтыланады.
Білімді жаңғырту.
Тапсырма №1
Атомдардың не молекулалардың берілген моль санын қалыпты жағдайда алатын көлемдерімен сәйкестендіріңіз:
15 моль аммиак молекуласы 33,6 л
0, 25 моль аргон атомы 336 л
1,5 моль оттек молекуласы 22400 л
1000 моль көмірқышқыл газы молекуласы 5, 6 л
Өзін-өзі бағалау.
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Слайд
№1-15
http://bilimland.kz
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Жаттығу жасайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау және дене жаттығуларын жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Оқушыларға формулалар таратылады, сол бойынша 4 топқа бөлінеді.
(Топ мүшелері ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
Ойлануға 10 және 20 балдық сұраққа 1 минут, 30 балдық сұраққа 2 минут беріледі)
Тапсырма №2
«Сиқырлы ұяшықтар»
Қалыптастырушы бағалау
Оқу мақсаты:
|
- газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу
-газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану
|
Дағдылар:
|
Дескрипторлар
|
Түсіну
Білу
Қолдану
|
-Авогадро заңын дұрыс тұжырымдайды
|
-молярлық көлемді біледі
|
- газдарың салыстырмалы тығыздығын анықтайды
|
-газдардың көлемдік қатынастарын қолданып, есептеулер жүргізеді
|
|