Оқушылардың басым бөлігі: Заттың тығыздығы шамасының физикалық мағынасын түсінеді, формуласын түрлендіре алады;
Кейбір оқушылар: Заттың тығыздықтарын ажырата алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады;
Жетістік критерийі:
Тығыздықтың физикалық мағынасын түсінеді;
Тығыздық, масса, көлем арасындағы байлысты түсіндіре алады;
Тығыздықтың өлшем біріліктерін біліп, оны ХБЖ айналдырады;
Тығыздықтың формуласын есептеулерде қолдана алады;
Есептеулерді дұрыс орындайды
Тілдік мақсат:
Арнайы пәндік лексика және терминология: Заттың тығыздығы ережесін, формуласын тұжырымдап қолдана біледі.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
көлем,тығыздық, масса
Сабақ түрі:
түсіндірмелі-практикалық.
Сабақ әдісі:
дербес жұмыс , жұптық жұмыс(эксперимент).
Сабақ көрнекілігі:
Слайдтар, тест, карточкадағы есептер, таразы, гір тастар, әртүрлі қатты денелер: ағаш, темір білеуше.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз
1.Ұйымдастыру. Сыныптағы психологиялық ахуалды қалыптастыру:
оқушылармен амандасу, түгендеу.
Жүректен - жүрекке арқылы оқушылар бір – біріне жылы лебіздер білдіреді.
1.Масса дегеніміз не?
2. Массаның бірлігі ретінде не қабылданған?
3. Дененің массасын қандай құралмен өлшейді?
4. Дененің көлемін қалай табамыз?
5. Көлемнің өлшем бірлігі қандай?
6. Пішіні әртүрлі дененің көлемін қандай құралмен өлшейді?
7. Денелердің өзара әрекеттесуі деген не?
8. Барлық денелерге тән қандай қасиеттерді білесіңдер? (пішіні,көлемі,ауданы,массасы)
9.Әртүрлі денелердің массасы қандай шамаларға байланысты? өлшеміне,қандай заттан жасалғанына (тегіне)