Сабақтың тақырыбы: Зияткерлік ақпараттық жүйелер ғылым және оқу пәні ретінде



бет2/3
Дата14.01.2023
өлшемі43,54 Kb.
#61265
түріСабақ
1   2   3
Маккарти Джон (McCartthy, John) (1927 жылы 4 қыркүйекте АҚШ, Массачусуес штаты, Бостон), электронды-есептеуіш техника саласы бойынша американдық ғалым. Принстон университетінде докторлық дәреже алған. 1958 жылы LISP тілін жасап, алғашқы жасанды интеллект саласын зерттеушілердің бірі. Сондай-ақ қарама-қарсы желідегі көне құрылым теориясын (есептегенде пайдаланатын) жасайды. 1971 жылы Тьюринг сыйлығын, ал 1988 жылы Киото сыйлығын алады, ал 1990 жылы ғылыми еңбегі үшін Халықтық медальмен марапатталады.
1956 жылы Дартмут колледжінде (АҚШ) өткен семинарда Джон Маккарти «жасанды интеллект» (ағылш. artificial intelligence, AI) терминін еңгізеді. Қазіргі уақытта жасанды интеллекттің көптеген анықтамалары бар. Жасанды интеллекттің анықтамаларының бірі-ақылға қонымды мінез-құлықты автоматтандырумен айналысатын информатика саласы (информатика бөлімі). Ақылды мінез-құлық «зияткерлік міндеттерді» шешуде айқын көрінеді. «Жасанды интеллект» ұғымын әртүрлі контексте қарастыруға болатындығымен түсіндіріледі. Оны ғылым (информатика бөлімі), технологиялар жиынтығы немесе іске асырылған ақыл-ой моделі (мақсаты) ретінде қарастыруға болады. Кейбір ғалымдар жасанды интеллектті үнемі тайып кететін және қол жетімді емес нәрсе ретінде қарастырады.
Алан Мэтисон Тьюринг (ағылш. Alan Mathison Turing; 23.06.1912 - 07.06.1954) — информатиканың дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын математигі, логигі, криптографы. 1937 жылы абстрактілі есептеу және логикалық процестерді, принципінде алдын ала жоғары дәлдікпен жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Алгоритм ұғымын анықтаудағы алғашқылардың бірі. "Тюринг машинасы" болды, ол кейіннен өмірге келген әмбебап-цифрлы есептеу машиналарының көптеген қасиеттерін бойына жинақтады. Тюринг үйрету машинасын жасаудың аса маңыздылығын ерекше атап көрсетті, бұл машина келе-келе тәжірибе жинақтап, сыртқы ортамен істестік барысында өз "мінез-құлқын" жетілдіре түспек.
Ұлы Отан соғысы кезінде Алан Тьюринг Блетчли-паркта орналасқан Үкіметтік Байланыс Орталығында қызмет атқарды. Тьюринг Жапония, Германия және Италия секілді нацисттік елдер мен олардың жақтаушыларың құпия жазбаларын, шартты белгілерінің мағынасын ашумен айналысқан. Ол Германияның әскери-теңіз флотының хабарламаларының криптоанализіне жауапты Hut 8 тобын басқарды. Тьюринг криптоанализдің бірқатар тәсілдерін ойлап тапты. Соның ішінде, неміс шифраторы Enigma-ның құпия жазбаларын шешуді мақсат ететін Bombe базасы ойлап табылды.

Соғыстан кейін Тьюринг Ұлттық физикалық зертханада мансабын жалғастырды. Оның жобасы бойынша ең алғашқы жадында АСЕ бағдарламасы сақталған компьютер жұмысы жүзеге асырылды. 1948 жылы ғалым Макс Ньюманның есептеуіш зертханасына қосылды. Осы жұмыс орнында Алан Манчестерлік Компьютерлерінің жарыққа шығуына өз үлесін қосты. Кейінірек, Тьюрингтің математикалық биологияға қызығушылығы оянды. Ол морфогенездің химиялық негіздемесін насихаттайтын жұмыстарын жариялады. Сонымен қатар, Тьюринг Белоусов-Жаботинский секілді ауытқып отыратын реакцияларды болжай білді. Белоусов-Жаботинский реакциясы ғылыми бірлестіктерге 1968 жылы ғана таныстырылған болатын. 1950 жылы Алан компьютердің жасанды зердесін сынауды көздейтін Тьюринг тестін ұсынды.


1952 жылы Алан Тьюринг Лабушер енгізген түзетпеге сәйкес “өрескел келіссіздік” қылмысын жасағаны үшін айыпталды. Лабушер жөндемесі бойынша, гомосексуальды еркектер қуғынға ұшырауға тиісті болды. Тьюрингке ынтықтық пен сексуальды әуестенуді басатын гормоналды терапия немесе бас босатндығынан айырылуды жаза ретінде таңдау құқығы берілді. Ғалым өз таңдауын терапияда тоқтатты. Алан Тьюринг 1954 жылы цианидпен уланып, көз жұмады. Тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Тьюринг өзіне қол жұмсады деген қорытындыға келді. Алайда, оның анасы “бұл кездейсоқ орын алған жазатайым оқиға” деген пікірді ұстанды. Алан Тьюринг «Ұлыбританиядағы гомофобияның ең атақты құрбаны» лауазымға ие болды.
Тьюрингтің құрметіне информатика саласындағы ең беделді марапат – Тьюринг премиясы атауы қойылды.Ақыл-ойды мінез-құлықты түсіндірудің тағы бір мысалы - Алан Тюрингтің әйгілі сынағы. Тьюринг тесті — 1950 жылы "Mind" журналында жарияланған "Есепетеуіш машиналар мен сана" мақаласында Алан Тьюринг ұсынған эмпирикалық тест. Тьюринг өз алдына "Mашинаның ойлау қабілеті бар ма?" деген сұрақты қойды.
Бұл тесттің стандартты түсіндірмесі келесідей: Адам бір компьтермен және басқа бір адаммен тілдеседі. Сұрақтарына берілген жауаптар негізінде ол адаммен немесе компьютерлік бағдарламамен тілдесіп жатырғанын анықтауы қажет. Компьютерлік бағдарламаның мақсаты - адамды теріс таңдау жасатып, шатастыру. 

шығару секілді жоғары интеллектуалды тапсырмалар орындау қабілетін тексермейді. Негізінде, тест машинадан алдай білу қабілетін талап етеді. Ол қаншалықты ақылды болса да тесттен өту үшін, адаммен бір дәрежеде екеніндей сыңай танытуы керек.




  1. Зияткерлік ақпараттық жүйелер ғылымын зерттеген ғалымдар жайлы ақпарат жинақтау. Кесте құру



Ғалым




1

Андрей Николаевич Колмогоров

1903 жылы 25 (12) сәуірде Тамбов қаласында дүниеге келген. Андрей Николаевичтің анасы Мария Яковлевна Колмогорова ұлының туған күнінде, 1903 жылы 25 сәуірде қайтыс болды. Бұл есімді анасы алдын ала айтқан өз қалауы бойынша берді: егер ұл туылса, Андрей Болконскийдің құрметіне Андрейді атаңыз, Лев Толстойдың романындағы оның сүйікті әдеби кейіпкері. Андрейдің әкесі - Николай Матвеевич Катаев, агроном, аздап романист. Колмогоров жай ғана ғалым емес, терең ойшыл болған.Ол үшін үнемі жаңа нәтиже, әдіс, идея іздеу процесі өмірдің өзімен пара-пар еді» Б.В.Гнеденко . Колмогоров мырза 1933-1939 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінің Математика және механика институтының ректоры болды, ұзақ жылдар Ықтималдықтар теориясы кафедрасын және статистикалық әдістер зертханасын басқарды. А. Н. Колмогоровтың пікірінше, ғылым, әдебиет және өнер мәселелерін ұзақ уақыт талқылауға болатын кез-келген материалдық жүйе ақылға ие.



2

Маккарти Джон



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет