Ақшораев Ә. Тоғызқұмалақ. Алматы, Қазақстан, 1979 ж.
Шотаев М., Жұмабаев Н., Ақназаров С. Таңғажайып тоғызқұмалақ. Түркістан, ХҚТУ баспасы, 2004 ж.
Ашық сабақ тақырыбы: Тоғызқұмалақ. Ойын ережелері мен ерекшеліктері
Пәнаралық байланысы: Тарих, математика, әдебиет.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету.
Дамытушылық: оқушыларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін, математикалық амалдарды тез санау, ой - өрісін толық дамыту және ұқыптылыққа өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достық қарым - қатынасқа, ұжымдылыққа, ұлттық рухта, сананы қалыптастыруға бейімдеу.
Керекті құрал - жабдықтар: Тоғызқұмалақтар, слайд - презентация.
Күтілетін нәтижесі: Оқушылар ойынды меңгереді, күрделі тактикаларды шешеді.
Уақыты: 45 минут. Өтетін орны: мультимедиа кабинеті.
Сабақтың түрі: Практикалық: жаттығулар орындау, жарыс
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, сепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек. С. Аманжолов
Сабақтың жоспары:
I. Дайындық бөлімі:
1. Ұйымдастыру кезеңі
І. Ой қозғау
1. Тоғызқұмалақ ойыны қашан пайда болды?
2. Қазақ өкілдерінен кім ойнаған?
3. Тоғызқұмалақ ойыншыларын білесіңдер ме?
4Тоғызқұмалақ ережесін білесіңдер ме?
II. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ.«Ойын ережелері мен ерекшеліктері»,
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, сепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек С. Аманжолов
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері:
• Құмалақ
• Қазан
• Отау
• Бастаушы
• Қостаушы
• Тұздық
• Атсырау
Тоғызқұмалқ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз - тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды.
Қазақша атаулары:
№9 отау маңдай
№8 отау көкмойын
№7 отау қандықақпан
№6 отау белбасар
№5 отау бел
№4 отау атсыратар
№3 отау атөпес
№2 отау тектұрмас
№1 отау арт
Тоғызқұмалақ қашан пайда болған? Тарих пәні мұғалімі Кенжегүл Бисенбаевна Қамыспаеваның қысқаша мәліметі.
Слайд бойынша: Тоғызқұмалақ ойынының жазылу тәртібі.
Толық жазу үгісі төмендегідей ретпен жүргізіледі:
1. Жүрілетін отаудың нөмірлері көрсетіледі.
2. Отаудағы құмалақтар саны жазылады.
3. Соңғы құмалақ түскен отаудың нөмірі
4. Ондағы құмалақтар саны
5. Тұздық алынған жағдайда Х белгісі қойылады.
6. Қос нүкте (:) – табысты жүрісті, сызықша (-)
жай жүрісті бейнелейді.
7. Леп белгісі (!) – күшті жүріс.
8. Сұрақ (?) белгісі - қате жүріс
9. Екі леп белгісі (!!) – өте күшті жүріс
10. Екі сұрақ белгісі (??) – өте қате жүріс
11. Сұрақ және леп белгісінің қатар келуі (?!) – ойландыратын жүріс.
Жүріс жасау ерекшеліктері (слайд)
Жүріс жасау ойыншылардың тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыласардың келісімімен анықталады. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір - бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп, тақ қылса құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын тартса, соңғы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
Сабақ тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының алғышарттары
Мақсаты:
1. Тоғызқұмалақ ойынын үйрету, білімін тереңдету. Қосымша тапсырмалар беру.
2. Ойнау дағды біліктілігін жетілдіру, өткен ұғымдарды жаңғырту.
3. Ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді құрметтейтін, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес. Еркін формада.
Әдіс-тәсілдері: Теориялық білімді эмпирикалық тұрғыдан жүзеге асыра отырып жүргізіледі.
Көрнекіліктер: Тоғызқұмалақ ойын тақталары.
Сабақ барысы: Жер ғаламшарындағы ең үздік логикалык 103-ойынның көшін бастаған, әлемдік мәдениеттің кез-келген үлгілерімен бой теңестіре алатын 4 мың жылдық тарихы бар зияткерлік ойын, ұлтымыздың озық рухани мұрасы, Қазақ халқының ілкі тектерінен бастап, сақтар, ғұндар, көктүріктердің қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан ұрпақтар үндестігінің рухани көрінісі болған Тоғызқұмалақ ойыны еліміздің ең басты – интелектуалдық қазынасы. Көшпелілер алгебрасы атанған осы ойынға деген әлем халықтарының қызығушылығы күннен-күнге артып келе жатқаны айқын байқалады. Осыған дейін екі әлем чемпионаты, үш азия чемпионатының өтуі осының айқын дәлелі іспетті.
Ойын маңызы: Көшпелілер алгебрасы атанған бұл ойын оқушының ой өрісін кеңейтеді. Логикалық ойлау тереңдігін жетілдіреді. Тез уақытта ойын комбинациясына сәйкес стратегиялық шешімдер қабылдай білуге баулиды.
Математикалық амалдарды терең түрде игертеді.
Негізгі ұғымдар:
Құмалақ,қазан, отау, жұп, тақ.
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері:
Тоғызқұмалақ ойынында барлығы 162 тас болады. Және сол тастар он сегіз отауға тиісінше орналасып отырады. Тағы бір ерекше ұғым ол қазан. Әр ойыншыда бір қазаннан болады. Сонда барлығы екі қазан. Сол қазанға сексен екі тасты жинай білген ойыншы тиісінше жеңіске жетіп отырады. Ойынның бас кезінде әр отауда тоғыз тастан болады. Сол тастарды өсу ретіне қарай жүріп отырады. Егерде соңғы түскен тас жұп болса ол отауды алып отырады. Сонда ойында әр жүрісті мұқият есептеп отыру шарт. Егерде тастар саны 81=81 болып тең болса онда ойын тең аяқталған болып саналады.
Отау атаулары. ( Ақшораев үлгісі бойынша)
1-отауды «Құйрық» не болмаса«Арт» дейді. Себебі
Ондай құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады.
2-отауды «Тек тұрмас»дейді, себебі жүріс көбінесе осыдан басталады.
3-отауды «Атөтпес»деген. Оның себебі қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды.
4-отау-«Жаманүй»,өйткені қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады.
5-отауды «Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.
6-отауды «Сары дала»деп атаған, себебі бұл жүріске де, тұздық алуға да ыңғайлы.
7-отау-«Қосан жылаған». Бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше реет тұздық отырғызыпты, соғанызаболыпжылапты-мыс.
8-отауды «Көкмойын»дейді. Мұнда да көптен көп тұздық алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді.
9-отауды «Аққасқа»дейді. Себебі бұл шұңқырда құмалақ көп жиналады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ қарсыжақтың отауына түседі, бірден ноғанаттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады.
отаулар №9 №8 №7 №6 №5 №4 №3 №2 №1
9 9 9 9 9 9 9 9 9 Қостаушы қазаны (0)
9 9 9 9 9 9 9 9 9 Бастаушы қазаны (0)
отаулар №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9
Білімді бекіту:
Тоғызқұмалақ ойынын не деп атаған?
Тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелері қандай?
Отау дегеніміз не?
Қазан дегеніміз не?
Бастаушы, қостаушы дегеніміз не?
Ойындағы отау атаулары қандай?
Үй тапсырмасы: Оқушыларды қосымша өз жетекшілігімдегі үйірмеге шақыру.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі