№
|
Ескертпелер
|
Мұғалім пікірі
|
1
|
Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
|
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту
|
2
|
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?
|
Саяхат сабағы. Сабақта жеті еліне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, ойын элементтері (қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - Жаңа сабақ
|
3
|
Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?
|
А) Барлық оқушылар 6; 7; сандарына көбейту мен бөлу кестесін құра алады. Бірқатар оқушылар: көбейту және бірдей қосылғыштар қосындысын таба алады; Кейбір оқушылар: тақырыпқа сай берілген тапсырмаларды өз еркімен орындай алады.
Ә) Сауатты, таза, жазуға, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;
Б) Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
|
4
|
Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?
|
Саяхат жасай отырып оқушыларды жеті атасын білуге жетелеп, жалықтырмас үшін, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.
|
5
|
Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс
болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
|
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
|
6
|
Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.
|
|
7
|
Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?
|
|
8
|
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)
|
Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
|
9
|
Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?
|
АКТ
|
10
|
Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты.
|
Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді.
|
11
|
Үй тапсырмасын беру
|
Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп №9тапсырма
|
12
|
Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?
|
Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.
|
13
|
Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?
|
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
|