Сабақтың типтері,құрылымы Сабақ құрылымы


Білімді тәжірибеде қолдану сабағы



бет2/5
Дата06.12.2022
өлшемі32,4 Kb.
#55470
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
5091601946756 педагогика 15.04.20г ДО3Б

Білімді тәжірибеде қолдану сабағы
Оныңкезеңдері:
ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• үй тапсырмасын тексеру;
• білімді еске түсіру;
• білім, іскерлік, дағдыларды тәжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдану;
• оқушылардың орындаған жұмыстары жөнінде есеп жазуы;
• үй тапсырмасын беру.
Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп тәжірибелік жұмыстар жасайды, алдымен үй тапсырмасы тексеріледі.
Мысалы, экскурсия кезінде жинаған материалдарға сүйеніп, мектеп жанындағы алаңға егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды. Шет тілі сабағында түрлі тақырыптарға диалог құрастырады. Осылайша оқытудың өмірмен байланысы жүзеге асады.
Жаппай, топтың және жеке жұмыстар жүргізіледі. 3 оқушыдан тұратын бөлім мектеп алаңында егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды.
Түрлі ұжымдық жұмыстар оқушылардың арасындағы ізгі қатынастарға жақсы әсер етіп, білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдану оқушыны дамытады.
Практикум мақсаты – зертханалық жұмыстар өткізу.
Кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• білімді еске түсіру;
• нұсқау;
• құрал-жабдықтарды іске қосу;
• эксперимент және оны бақылау;
• бақылау нәтижелерін талдау және безендіру;
• есеп жазу;
• есепті мұғалімге тапсыру.
Ол жоғары сыныптарда бағдарламанық бөлімдерін, курсты оқып біткеннен кейін өткізіледі. Бұл сабақ оқушылардан бағдарламаны жақсы білуді, дамыған іскерлік пен дағдыларды талап етеді.
Оқушылар аппараттарымен, приборлармен, өлшеуіш техникамен жұмыс істеп, эксперимент барысын жазады, талдайды, қорытынды жасайды, күнделік жүргізеді.
Мұғалім эксперимент кезінде оқушының білімін қолдануына көмектесіп, оқушының жұмысына бақылау жасап, керек болса түзетеді.
Тәжірибелік сабақтар шеберханаларда, оқу цехтарында, оқу-тәжірибе учаскелерінде өтеді.
Кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• білімді еске түсіру;
• нұсқау;
• тәжірибелік жұмыс;
• жұмыс нәтижесін шығару.
Сабақтың көп уақытында оқушылар тәжірибелік жұмыспен айналысады. Мысалы, шеберханада түрлі бұйымдар жасайды.
Оқу-тәжірибе учаскесінде жерді өңдеп, өсімдік өсіреді, өнім жинайды. Репродуктивтік және ішінара ізденіс әдістері қолданылады.
Әр оқушыға тапсырма, технологиялық карта беріледі, сол бойынша ол жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет