Сабақтың түрі : Әдеби музыкалық Көрнекілігі: слайдтар,нақыл сөздер, өлеңдер Сабақтың барысы: Жұмбақ шешу


Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны



бет3/3
Дата09.11.2022
өлшемі21,97 Kb.
#48927
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
« Ұстаз деген ұлы есім ұғынғанға...» 6 класс

Сергіту сәті: «Қасиеттер жиыны» ойыны.
Қажетті құралдар: доп
Достарымыздың ұстаздары туралы ойлары қандай екенін біліп көрсек қайтеді. Әрине, қандай ойда екенін білейік
Олай болса оларға ойын ойнатып ойларын білейік. Ендеше 4 оқушы ортаға келе қойсын. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын апайының ұнайтын бір қасиетін айтады.
Мысалы:
Жүргізуші: «Ә» әрпі
Ойыншы: «Әдемі»
1 - бастаушы
Ақырын жүріп оның бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
1 - бастаушы Ардақты ұстаздар! Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, сіздерді пайғамбардай сыйлайтын, жүрегі жылы, бойы ізгілікке толы шәкірттеріңіз көп болсын! Бірге Мерекелеріңіз құтты болсын!

3.Нақыл сөздер айту.
1.Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
2.Жақсы мұраптың атынан су ереді
Жақсы ұстаздың артынан шәкірт ереді
3.Ұстазға қарап шәкірт өседі
4.Қайратсыз ашу-тұл
Тұрлаусыз ғашық тұл
Шәкіртсіз ғалым-тұл
5.Атпаз көрген ат таныр
Ұстаз көрген хат таныр.
6.Ұстаз мәртебесі-ел мерейің
7.Ұстаздан шәкірт озар
8.Ұстазыңды әкеңдей сыйла
9.Ұстазы талантты болса
Шәкірті талапты болады.
10.Ұстаз-ұрпақ мақтанышы
11.Ұстаз болу - жүректің асылдығы
12.Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді
Білімді жан тас қамалды күйретеді
13.Бұйырмай білім тоқымай
Ұстаздық қылма оқымай
14.Жарасады сыпайылық балаға
Ұстазыңа одырайып қарама
15.Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан
1 – бастаушы
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңіз саулығы мықты болсын
Біліммен сусындаған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2 – бастаушы
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алады
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
1 – бастаушы Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.
Мереке күні баршаңызға шаттық, қуаныш әкелсін!
«Ұстазым» әні хор
Аружан.
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Хормен: Бақыт, табыс, амандық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет