Сабақтың түрі : Әдеби музыкалық Көрнекілігі: слайдтар,нақыл сөздер, өлеңдер Сабақтың барысы: Жұмбақ шешу



бет1/3
Дата09.11.2022
өлшемі21,97 Kb.
#48927
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
« Ұстаз деген ұлы есім ұғынғанға...» 6 класс


« Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін...»
Мақсаты:
а) Оқушыларды ұстазды құрметтеуге сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
ә) Танымдық қабілеттерін арттыру. Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б)Ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсете білуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Әдеби музыкалық
Көрнекілігі: слайдтар ,нақыл сөздер, өлеңдер
Сабақтың барысы:
Жұмбақ шешу
Білімнің дәнін тереді
Балаға тәлім береді (Ұстаз)
Білімнің -жолбасшысы,
Шәкірттің –қолбасшысы(Ұстаз)
Оқу-білім бағдары
Заманының бағбаны (Ұстаз)
Шағын көрініс.
Сахнаға 6 оқушы шығып « Ұстаздар, бар жақсылық сіздер үшін...» тәрбие сағатының тақырыбын хабарлап, өтілу барысынан көрініс көрсетіп, мұғалім сөзінің мағынасын ашады.
М – мейірімді
Ұ – ұлағатты
Ғ – ғазиз
А - ақылды
Л – лайықты
І – іскер
М – маман


Ұ – ұлағатты
 С – салмақты
 Т – тапқыр
 А – ардақты
 З – заңғар
1 - бастаушы Қайырлы күн! Армысыздар, есен – сау бармысыздар, аса құрметті да, аяулы біздің ұстаздарымыз!
Міне жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін мұғалімдер күні де, күздің үлесіне тиіпті. Төл мерекелеріңіз құтты болсын, ізгіліктің пайғамбары ұстаздар қауымы.
2 - бастаушы Аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы, академигі Қ. Сәтбаевтың айтуынша, 1 - қыркүйекте салтанатты шеру не салюттер де болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ - деп толғанған екен.
1 - бастаушы Олай болса, мұғалім бақыты - шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. Шәкірттерін білім нәрімен сусындап, тәлім - тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
1 - бастаушы
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз
2 - бастаушы
Игі айтар ақылы, көрсетер үлгісі бар, жаңашыл, бойында дана ойдың ыстық лебі бар, шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымының іскер де білікті, басшысы, мектебіміздің оқу жөніндегі директордың орынбасары Алмас ағайға мереке күнімен құттықтауға сөз беріледі.
2 - бастаушы Аяулы ұстаздарым! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған, кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіптеріңізге сәттілік тілейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет