1.Ұйымдастыру кезеңі
-амандасу
-Білім алушыларды түгендеу
-сабаққа дайындығын тексеру.
Үй жұмысын тексеру
3 топқа бөлініп,клиникалық ситуация бойынша анамнез жинап,обьективті тексеріп көрініс қойды.
Жаңа тақырыпты болжау
Ой шоғырландыру
Тыныс алу жүйесі — ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.
Шағымдар.
Кеуде тұсының ауыру сезімі
Жөтел
Қан қақырық
Ентігу
Жалпы қан анализі — клиникалық тәжірибеде ең қажетті және кең таралған зерттеулердің бірі. Анализдердің нормалары
Талдау нәтижелерінің сенімділігіне келесі факторлар әсер ететінін есте ұстаған жөн:
1) биологиялық сұйықтықты алу уақыты; 2) тамақтану, диетадағы тағамның сипаты; 3) алкогольдік ішімдіктерді тұтыну, темекі шегу; 4) дәрі-дәрмектерді қабылдау; 5) физиотерапия; 6) қарқынды дене белсенділігі; 7) стресстік жағдайлар; 8) диагностиканың аспаптық әдістері (МРТ, УДЗ, рентген); 9) әйел денесіндегі циклдік өзгерістер. Жалпы егжей-тегжейлі қан анализі тамырдан немесе саусақтан қан алу арқылы жүзеге асырылады. Веноздық қанды алу және тасымалдау үшін вакутейнерлер қолданылады — инесі бар бір реттік пластикалық түтіктер. Пробирка толығымен тығыздалған, бұл лимфоциттердің қан анализінің дұрыстығын және иммундық жүйенің басқа жасушаларының деңгейін анықтайды, өйткені мазмұнның сыртқы ортамен жанасу ықтималдығы толығымен алынып тасталады.
Қақырық анализі Қақырық - тыныс жолдарындағы (трахея, бронх) патологиялық сұйықтық. Егер де, қақырықты жинау ережелерін сақтай отырып жинаса, оны зерттеу маңызды. Жалпы зерттеу үшін қақырықты аузы кең қоңыр ыдысқа, таңертең ауызды шайғаннан кейін жинайды. Сол күні зертханаға зерттеуге жеткізу керек. Қақырық тұрақсыз субстракт болғандықтан, осындай ереже қолданылады, оның құрамындағы заттар жарықтың немесе сақтаудың әсерінен ыдырап кетеді. Өсу микрофлорасына себу үшін қақырықты таңертең стерильді Петри ыдысына немесе оның аналогына, ал микроскопияға туберкулез микобактерияларын алу үшін тәулік бойы жинау қажет, себебі, Кох таяқшалары аз көлемде түседі.
Қақырық түсі
Сау адамның қақырығы түссіз немесе ақшыл болады. Егер қақырықта онан басқа түс пайда болса, оны белгілі аурудың белгісі деп білген жөн. Айталық қақырық жасыл түсті болса бұл сары аурудан, өкпенің үлкен бөлімі қабынуынан, өкпені жасыл іріңді таяқша бактерияның инфекцилауынан пайда болады. Ал қызыл түс қан немесе қан белогынан пайда болуы мүмкін. Мұндай белгі өкпе рагы, өкпе тубуркулезі, өкпе қан сорғыш құрт ауруы, тыныс жолы кеңею, тыныс жолы қабыну, өкпе жедел сулы ісігі қатарлы ауруларға шалдыққандарда көп болады. Қан қызыл қақырық өкпе тубуркулезінің алғашқы кезінде пайда болады. Алқызыл көпіршік қақырық жедел сулы ісігінің белгісі. Егер қақырық қара түсті болып келсе ол ұзақ уақыт темекі тартқандарда немесе шаң-тозаңның ішінде жүргендерде көп болады. Ал қоңыр түсті болып келсе ол созылмалы өкпе қанталау сипатты жүрек ауруының белгісі.
Қақырықтың формасы
Жабысықақ қақырық. Бұл жабысқақ мөлдір қақырық тыныс жолының жедел қабынуы, өкпе қабыну, вирустық өкпе қабыну ауруларының белгісі.
Іріңді қақырық. Сары немесе жасыл сары, ірің клеткалары мен өлеттенген ұлпалардың ұнтағы мол ілескен қақырық тыныс жолы қабыну, өкпе іріңді ісігі, тыныс жолы кеңею қатарлы аурулардың белгісі.
Қанды қақырық. Бұл өкпе тубуркулезі, тыныс жолының кеңеюі, өкпе үлкен бөлімінің алғашқы қабынуы, тыныс жолының созылмалы қабынуы, тыныс жол-өкпе рагы қатарлы аурулардың белгісі.
Қ - Лейкоциттер нейтрофилдерге негізделген, олардың көлемі аурудың этиологиясына және спецификасына байланысты болып келеді. Іріңді қақырықта көп мөлшерде лейкоциттер болады. Эозинофильдер бронхиалды демікпе ұстамасы кезіндегі қақырықта болады;
ақырықтың микроскопиялық тексерістермен анықталады:
- Макрофагтарқұрамында әр түрлі қоспалар болады - көмір қалдықтары немесе бөгде шаң қалдықтары, гемосидерин (жүрек ақауларының жасушалары немесе кіші қан айналымындағы ұзақ уақыт қан іркілуінен болатын сидерофагтар);
Жалпы қан анализінде лейкоциттің жоғарылауы нені білдіреді ? Өкпе рагында қақаырық анализінде қандай клеткалар кездеседі ? Тыныс алу жүйесі ауыратын науқастардың негізгі шағымдары?
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлы-ғы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?