Сабақтың түрі: қайталау. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру



бет42/45
Дата02.12.2022
өлшемі2,82 Mb.
#54456
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
4 сынып математикадан сабақ жоспары

ҮІ. Сабақты пысықтау:
№6 есеп.
Шешуі: 2000-(278+278*3) =888 Жауабы: кешкі көрсетілімге 888 билет сатылды.
№7 фигураның ауданын тап.
ҮІІ. Бекіту. Балалар, бүгін біз не үйрендік?ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 8. 18- бет. Бағалау

89. Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға жазбаша бөлу тәсілдері


Мақсаты: балаларды екі таңбалы санға қалдықпен бөлу тәсілімен шығаруды таныстыру, жазбаша бөлу тәсілдерін үйрету; салыстыру, талдау біліктігін дамыту; адамгершілік, еңбек тәрбиелеріне баулу.
Көрнекілігі: сызба Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша есептеу, шығармашылық .Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 8 (балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
ІІІ. Өткенді қорыту: 1. Көбейтудің компоненттерін атау. Көбейтуді немен тексереміз? Көбейткіштердің орны ауысқаннан ... ? 2. Ауызша жаттығулар. №1
Бөліндінің мәні мен қалдықты атау.
425:20=21 (қалд.5) 812:90=9 (қалд.2) 723:8=80 (қалд.3)
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: (кіріспе) Сабақтың мақсаты мен міндеттерін хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. №2 а) есептеулерді құрастыру, бірінші толымсыз бөлінгішті анықтау. Есептеу мен оны тексерудің қалай орындалғандығын түсіндіру.
ә) өзіндік жұмыс ретінде орындау.
3 есеп талдана отырып шығарылады.
а) 3750:15=250(км/сағ) – 1-пойыздың жылдамдығы.
5880:21=280 (км/сағ) – 2-пойыздың жылдамдығы.
280-250=30 (км/сағ) – 2-пойыздың жылдамдығы осыншама артық.
ә) баға қойылатын өзіндік жұмыс ретінде орындау.
1) 2520:84=30 (сағ) – жолдағы уақыт 2) 72∙30=2160 (км) – 1-пойыздың жолы.
3) 2160+2520=4680 (км) – пойыздар арасындағы қашықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет